Созақ ауданында «шебер қолдар» атты қол өнер шеберлерінің кездесу кеші өтті

Бүгін Созақ аудандық орталық кітапхана оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Шебер қолдар» тақырыбында іскер, мүгедектігі бар азаматшалар арасында қолөнер шеберлерімен кездесу өтті. Аталған орталық жыл басынан бері мәдениет, спорт, денсаулық, тағыда басқа сала қызметкерлерінің еңбектерін көпке үлгі етіп, оны дәріптеу мақсатында бірнеше іс-шаралар легін қолға алуда.

Шараға аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов арнайы қатысып, өнерге, өмірге құштар аяулы жандарға ізгі ниетімен тілегін білдіріп, сый сияпат табыстады. Сондай-ақ, «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік орталығының маманы Біржан Саржанов, оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Эльмира Қайдауқызы өнерлі, аяулы жандарға деген ыстық ықыласын жеткізді.

Сонымен қатар, өнер арқылы өмірдің қыр-сырын танып, өзін- өзі бағалап , «Шебер қолдар» деген атқа лайықты бола білген аналарымыз бен ару қыздарымыз Бақыт Смахова, Төреқыз Ибраймова, Малина Жақсыбаева, Томирис Мадалиева, Айгерім Дунаева, Жарқынай Мырзағұл, Мереке Маратқызы мен Айнұр Темірәліқызы жиналған қонақтарға өз өнерлерін көрсетті.

Аталған шарада аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінің әншілері әсем ән орындап, жиналғандарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

ПІКІР ЖАЗУ