Волейболдан колледж студенттері арасында аудан біріншілігі өткізілді

Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 2022 жылдың 09 қараша күні Төлеби ауданы, Көксәйек ауылдық округіндегі Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінің спорт залында «Төлеби ауданының 90 жылдығына орай» колледж студенттері арасында волейболдан ұлдар мен қыздар арасында аудан біріншілігі өтті.

Жарысты Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жолшыбеков Беккали Нурсейтұлы ашып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіліді.

Аталған жарысқа «Мейір-Бейс» жоғары колледжі, Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі, №8 колледжінің студенттерінен құралған 6 команда қатысты, жалпы 60 жуық спортшылар қатысты.

Тартысты әрі қызықты өткен дүбірлі додада жалпы командалық есепте I орынды Түркістан көпсалалы – техникалық колледжі жеңіп алса, «Мейір-Бейс» жоғары колледжі II орынға тұрақтады. Ал, №8 колледжі III орынды иеленді.

Жарыста марапаттау салтанатын Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Қалықұл Әлиасқар және Түркістан көпсалалы – техникалық колледжінің дене тәрбиесі әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Ережепов Марат жарыс жеңімапаздары мен жүлдегерлерді марапаттады.

ПІКІР ЖАЗУ