Созақ ауданының әкімі дауыл мен жауын салдарынан жарықсыз қалған ауылдардың жай күйімен танысты

Күні кеше қатты дауыл мен жауын салдарынын ауданда бірқатар ауылдарда бағаналар құлап, тұрғындар жарықсыз қалған болатын. Бүгін аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков Қаратау, Ақсүмбе, Раң елді мекендерін аралап, ондағы тұрғындардың жай күйімен танысты.

Сапар барысында Қаратау, Ақсүмбе, Раң елді мекендеріндегі құлаған бағандарды қайта қалпына келтіру жұмыстарын көріп, жауапты мамандарға арнайы тапсырмалар жүктеді. Сондай-ақ, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім басшысының міндетін атқарушы Дәулет Құдайбергеновке тұрғындарды тез арада жарықпен толықтай қамту үшін тиісті жұмыстарды дер кезінде атқаруды тапсырды.

Сонымен қатар Қаратау ауыл округінде көшені жарықтандыру жұмысы және салынып жатқан әкімшілік ғимаратын аралап, құрылыстың белгіленген уақытта аяқталуы мен сапасы басты назарда болатынын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ