«Заң керуені» акциясы Созақ ауданында жалғасын тапты

 

Бүгін ҚР Бас прокуратурасының бастамасымен республика көлемінде өтіп жатқан «Заң керуені» акциясы Созақ ауданында жалғасын тапты.

Акцияның мақсаты жергілікті жерде халыққа жедел құқықтық көмек көрсету, құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, заңдарды түсіндіру, заңды құқықтарын іске асыруға мүмкіндігі жоқ әлеуметтік топтарды анықтау, прокуратураның құқық қорғау рөлін іске асыру, елдегі қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайту үшін азматтық қоғам мен құқық қорғау органдарының күш-жігерін біріктіру.

Аталған шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Данияр Сыздықов, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, аудан прокуроры Ержан Қожабеков және аудандағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты мамандары және аудан тұрғындары қатысты.

Жиынды аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, ұйымдастырылған кездесудің маңыздылығын атап өтіп, жиналысты ашық екенін жариялады.

Аталған шарада аудан прокуроры Ержан Қожабеков, Түркістан облысы полиция департаменті жергілікті полиция қызметі бастығы, полиция полковнигі Асылхан Төреханов, криминогендік жағдай бойынша аудандық полиция бөлімі бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары Ербол Оралбаев баяндама жасап, атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.

Кездесуден соң Түркістан облысы прокурорының бірінші орынбасары Данияр Сыздықов тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдап, қойылған сұрақтар мен өтініштерге нақты жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ