Жылу маусымына дайын Түркістан
Түркістан қаласы күн санап дамып қана қоймай, сәулетіне дәулеті сай болып, көріктене түсуде. Бұл орайда қаланың тұрғындарын табиғи газбен, сапалы ауыз сумен, жылумен қамту мәселелері кезек күттірмейді.
Қазіргі таңда қала тұрғындарының үйлеріне дейін табиғи газ жеткізілген. Олардың 95,2 пайызы үйлеріне кіргізіп алды. Түркістан қаласында жалпы 40 579 абонент болса, соның 38 646 яғни 95,2%-ы табиғи газбен қамтамасыз етілген. Оның ішінде жеке тұрғын үйлер 39 937 абонент, газбен қамтылғаны 38060, яғни 95,3% жетіп отыр. Табиғи газ қолжетімді. Қазіргі таңда газдың тарифі жекеменшік тұлғаларға 1 м³ – 32,6 теңге болса, заңды тұлғаға 1 м³ – 36,97 теңге болып отыр.
Ал, табиғи газға қосылмаған жеке тұрғындармен нысандарға 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына шамамен 21000 тонна Шұбаркөл көмірі қажет деп жоспарлануда. Көмірдің орташа бағасы да қолжетімді. Қазіргі бағасы отын базасында 1 тонна көмір – 14800 теңгені құрап отыр. Бүгіні таңға қаладағы көмір базаларына 40000 тонна көмір тасымалдаған. Оны мемлекеттік мекемелер мен оқу орындары жеткізіп алуда.
Қазіргі таңда Түркістан қаласының жүзге жуық мекемесі жылумен қамтылады. Дәлірек айтқанда, 93 мекеме орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Түркістан қаласындағы білім саласының нысандары, оның ішінде, жалпы 59 мектеп пен балабақшалар 2022-2023 жылдардың жылу беру маусымына толықтай дайын. Оның ішінде 34 мектептің, орталықтандырыл-ған жылу жүйесімен 4 мектеп қамтыл-ған. 29 мектеп табиғи газға қосылған. Бір мектеп апатты деп танылған. Ол Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебі. 20 балабақшаның, 2 балабақшасы орталық-тандырылған жылу жүйесімен қамтыл-ған. Оның ішінде 16 балабақша табиғи газға қосылған. Екі балабақшаны табиғи газға қосу жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, «Құлыншақ», «Гүлдер» балабақшалары қаржыландыруға ұсынылды. Қаладағы екі университеттің біреуі орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған. Біреуі табиғи газға қосылған.
Киелі шаһардағы колледждер, біреуі орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылған, 5-уі табиғи газға қосылған. Денсаулық сақтау саласында 14 мекеме бар болса оның сегізі табиғи газбен қамтылған. Орталықтандырылған жылу жүйесімен қамтылғаны екеу. Түркістан қалалық орталық аурухананың төрт нысаны көмір отынымен жылытылады. Газға өту жұмыстары толық аяқталған. Газды қосу жұмыстары жүргізілуде. Мәдениет, спорт саласындағы нысандар жиырмаға жуық. Қазіргі таңда 18 мекеменің он екісі табиғи газбен қамтылған.
2022-2023 жылдардағы жылыту маусымына бір нысан «Түркістан арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» МКК табиғи газға өту жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылы 22 қазанда Түркістан қаласы бойынша жылу беру маусымы басталып, 2022 жылы 31 наурызда тоқтатылған болатын. Жылу беру маусымы 160 күнді құрады. 2021-2022 жылдарға жылу тарифі – 93,24 теңгені құрады. Оның ішінде табиғи газдың тарифі жеке тұлғаларға 1 м³ газ бағасы 28,25 теңге болса, заңды тұлғаларға – 35,76 теңге болып белгіленді. Жылу беру маусымында кәсіпорын шығысы 405218,6 мың теңге, оның ішінде қалалық бюджеттен 225,0 млн.теңге бөлініп пайдаланған табиғи газға төлем жасалды.
Биылғы жылу беру маусымында жылу қазандықтары толығымен табиғи газды пайдаланатын болады. Табиғи газбен қамтамасыз ететін «ҚазТрансГазАймақ» акционерлік қоғамымен келісім шарттар жасалған. Жылу энергиясының тарифтік көрсеткіші дифференцировандық түрде жылу пайдаланушыларға Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бұйрығымен бекітілген. Тұрғындарға – 92,46 теңге/м² болса, бюджеттік мекемелерге – 6856,33 теңге/Гкал, заңды тұлғаларға – 4442,23 теңге/Гкал көлемінде қалыптасып отыр.
Биылғы жылу беру маусымы кезінде Түркістан қаласындағы 10 жылу қазандықтары арқылы, 1-2 мөлтек ауданы және Әкімшілік іскерлік аумағындағы тұрғын үйлер, тарихи мәдени орталықтағы мекемелерді және «Отырар» мөлтек ауданындағы көпқабатты үйлерді орталықтандырылған жылумен қамтамасыз етеміз. Жылу энергиясын Түркістан қаласы бойынша жалпы 6 516 абонент тұтынады. Қала бойынша он қазандық бар. Олардың барлығы жүз пайыз табиғи газбен қамтылды.
Қазіргі таңда жылу желілерін шаю жұмыстары жүргізілді. Түркістан қаласы биылғы жылу беру маусымына толық дайын деп айтуға болады.