Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ордабасы: бүгін аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауыл округіне қарасты 150 тұрғыны бар шалғайдағы Қалаш ауылына барып, тұрғындармен кездесті.

Ақжол ауылынан 10 шақырымдай қашықтықта орналасқан ауылдағы ең басты мәселе — ауылға баратын жолды асфальттеу.

Аталған мәселе бойынша аудан басшысы бұл жол бөлігін орташа жөндеуден өткізу туралы бюджетке өтінім беріліп, қаржысы шешілген жағдайда сапалы жол салынатындығын жеткізді.

Сондай-ақ, Нұрбек Бақтыбайұлы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын көтеру мақсатында мемлекеттен төмендетілген 5 пайызбен (2023 жылдан бастап 2.5 пайыз) несие алуға қолдау көрсететіндігін айта келе шаруаларды шағын отбасылық мал бордақылау алаңдарын ашуға шақырды.

Ауыл азаматтарын жұмыспен қамту үшін де аудан көлемінде зауыт құрылысын жүргізуге, өндіріс орындарын ашуға ниетті кәсіпкерлерді осы ауылға бағыттау арқылы да жұмыссыздықпен қатар жол мәселесін шешуге болатындығын тілге тиек етті.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Жұмысындағы сейфтен 7,5 млн теңгені ұрлап кеткен

admin

Полиция таныстарының атынан несие рәсімдеген алаяқтық қылмысына күдіктіні анықтады

admin

МӘМС: Балалар церебралды сал ауруымен күресте жеңіс қадамдары

admin