Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: тұрғындардың өтініші назарға алынды

Кентау қаласының әкімі Рашид Аюпов тұрғындардың өтінішімен   қаладағы Алтынсарин 11 үйдің тұрғындарымен кездесті.

Онда тұрғын үйдің қәзіргі жағдайы бойынша мәселе көтерілді. Көпқабатты тұрғын үй сейсмикалық күшейтуді қажет етеді.

Бүгінгі таңда, жертөледен жағымсыз иіс шығып тұрғындарға мазасыздық туындауда. Тұрғын үй алдының баспалдақтары жарамсыз күйге түсіп, әсіресе егде жастағы тұрғындардың жүріп тұруына қолайсыздық болуда.

Кездесуде қала басшысы аталған мәселелерді назарға алып, тиісті сала басшыларына тапсырма берді.

Бүгінгі таңда, Ы.Алтынсарин 11 үйге модернизация жұмыстарын жүргізу бойынша жобалық-сметалық құжаты әзірленіп тапсырылды. Сараптама қорытындысы күтілуде.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында интернет-алаяқтықтың алдын алу мәселесі талқыланды

admin

Түркістан: «БИ ХАНШАЙЫМЫ» кітабының тұсаукесері өтті

admin

Атасының банк кәртішкесінен заңсыз ақша шешіп жүрген жас жігіт ұсталды

admin