Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: қала әкімі Жандос Тасов мешіт өкілдерімен кездесті

Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы мешіт өкілдерімен кездесті.  Қаланың бас имамы Ғ.Айекеев осы уақытқа дейінгі атқарылған жұмыстар барысын баяндады. Оның ішінде: ақпараттық насихат тобының жүйелі жұмыс жүргізілуі, имамдардың білімін арттыру, біліктілігін көтеру мақсатында өткізілген семинарлар жайында сөз қозғады.

Қазіргі таңда Кентау қаласында ҚМДБ-на қарасты жалпы саны 12 мешіт, 6 намазхана тіркелген. Сондай-ақ, қала бойынша 12 имам қызмет атқаруда.

Сонымен қатар, мешіт қызметкерлері тарапынан бірқатар қаланың коммуналдық, әлеуметтік саласы бойынша мәселер айтылды.Сондай-ақ мазараттардың қоршауын жөндеп беру және жерін кеңейту бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Қала әкімі өз кезегінде мешіт қызметкерлерінің ұсынған талап-тілектердің орынды екенін айта келе толықтай назарда болатынын мәлімдеді

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

М.Әйтенов халықтың тұрмысы үшін ең қажетті газ, су, жарықтың мәселе тудырмауын қатаң тапсырды

admin

Жетісай ауданында 4 мектептің құрылысы жүргізілуде

admin

«Достық үйінде» ҚХА ақсақалдар кеңесінің республикалық отырысы өтті

admin