Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: МӘМС бойынша сұрақтарға жауап берілді

Кентау қалалық емханасында Медициналық сақтандыру қорының өкілі Л.Ділдәбекқызының қатысуымен АШЫҚ ЕСІК КҮНІ өтті. Ашық есік күні барысында тұрғындар тарапынан МӘМС жүйесі бойынша түскен сұрақтарға жауап беріліп, кеңестер айтылды. Пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Одан бөлек, қор өкілі мен емхана басшысының сапа жөніндегі орынбасары Сакен Бузаубаков-тың қатысуымен Жалпы аймақтық дәрігерлер мен мейірбикелерге және бейінді мамандар бөлімінің дәрігерлеріне семинар сабақ өткізді. Сабақ барысында МӘМС жүйесіндегі өзекті сұрақтар талқыланды. Одан бөлек арнайы слайд көмегімен пайдалы ақпараттар мен енгізілген өзгерістер айтылды.

Емхана басшысының сапа жөніндегі орынбасары Сакен Кеңесбекұлы тұрғындарға МӘМС аясында сапалы қызмет көрсету барысын баса айтты.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының полицейлері аккумулятор ұрлаған күдіктіні ұстады

admin

Сарыағаш: аудан әкімі Арман Абдуллаев — ең бастысы – құрылыстың сапасы сақталуы қажет

admin

Шымбұлақтағы тау беткейлері бекітіледі

admin