Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кентау: спортшылар жеңіспен оралды

  Ағымдағы жылдың 19 мен 22 тамыз  аралығында Ресейдің Чебоксары қаласында каратэден WKC бойынша әлем чемпионаты өтті.

 Жарыста жаттықтырушы, әлем чемпионы Татьяна Цамбунарис дайындаған ұлттық және олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебінің тәрбиеленушілері, жас жерлестеріміз бақ сынады.

 Әлемдік додада Қазақстан Республикасы құрама командасының атынан Ұлттық каратэ-до Шотокан федерациясының президенті Аюпов Фарит Ғалымұлыда қатысты.

 Кентаулық спортшылар тамаша кәсіби дайындық пен мықтылық көрсетті. Нәтижесінде қоржынға 5 алтын, 6 күміс және 5 қола медальмен жеңімпаз атанды.  Нариман Бақытбеков, Наталья Цой, Рамис Асхатовтар алтыннан алқа тақса, Нұрай Қайназарова, Медина Ахмадуллина, Айару Әбдіманапқызы, Элионора Хайруллаева, Маргарита Домбровская және Альмир Саденов осы жарыстың жеңімпаздары атанды.

 

 Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Педагогтер IT құзіреттілік бойынша білімдерін толықтырды

admin

Жолды кесіп өту, қоқыс тастау: 12 наурыздан бастап кімдер «радарға» түседі?

admin

Полиция Түркістанда қауіпсіздік шараларын түсіндірді

admin