Кентауда Алтын құрсақты аналар ардақталды

Кентау қаласы әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова алтын құрсақты аналарды қабылдап, Мемлекет басшысының Жарлығымен тағайындалған «Алтын алқа», «Күміс алқа» мәртебелі наградаларын табыс етті.

Ақнұр Нұралықызы еліміздің демографиялық өсуіне елеулі үлес қосқан ақ жаулықты аналардың қоғам өміріндегі алар орны ерекше екенін атап, құрмет көрсетті. Жиында 6 анаға “Алтын алқа”, 18 анаға “Күміс алқа” берілді.

Жалпы, бүгінгі таңда Кентау қаласында 458 “Алтын алқа”, 966 “Күміс алқа”, 32 “Батыр ана”, 62 жан 1,2-ші “Ана даңқы” иегерлері бар.

Айта кетейік, бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға түрлі бағыттағы әлеуметтік көмектер көрсетілуде. Қоғамға белсенді әйелдерді жұмыспен қамту, кәсіптік оқуларға жолдама беру, жаңа бизнес идеяларына қолдау шаралары тұрақты түрде іске асырылып келеді.

Кентау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ