Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: алғашқы қоңырау соғылды

Бүгін барлық білім ордалары білім алушыларға есіктерін айқара ашып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған кішкентай бүлдіршіндерді ықыласпен қарсы алатын күн.  Ақ бантик тағып, бірдей мектеп формасын киген оқушылар мереке сәнін келтірді.

Алдымен 1 сыныпқа қабылданған жарқын болашақтың кішкентай бүлдіршіндері жалықпай білім іздейтіндіктерін білдіріп, өлең шумақтарын оқыды.

Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Абдуллаев  қатысып, барлық оқушыларға, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерге алдағы уақытта сапалы білім мен тәрбие алуға, еліміздің үлгілі азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдірді.  Бүгін аудандағы 71 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, 1-сыныпқа қабылданған үш мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттады.

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысында екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

admin

Шымкент қаласының құрылыс салушыларына Тұрғын үй құрылысын қолдау құралдары Шымкент қаласының құрылыс салушыларына таныстырылды

admin

Аудан әкімі Төлеген Тұртайұлы тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

admin