Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: аудан әкімі Арман Абдуллаев жеңімпаз спортшыларды қабылдады

Әртүрлі деңгейлі жарыстарда топ жарып немесе жүлделі орындарға қол созып, ауданның, тіпті облыстың намысын абыроймен қорғап жүрген бір топ спортшыны қабылдап,  мерекеге орай лебізін жеткізді.    Байрақты бәсекедегі жеңістеріңізбен құттықтай отырып, алғыс білдіргім келеді.   Жарысқа қатысу, сайыстан орын алу тыңғылықты дайындықты, еңбекті қажет ететіндігін білемін. Сіздердің асқан асуларыңыз, шыққан белестеріңізге шын қуаныштымыз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын,- деген аудан әкімі Арман  Айдарұлы спортшыларға және жаттықтырушыларына алғыс хат пен кәде сый  табыстап, гүл шоғын ұсынды. Жеңімпаз спортшыларды қабылдау салтанатына қатысқан аудандық мәслихат депутаты                     А. Әшірбаев  сөз алып,  мерекемен  құттықтай келе, болашақта жоғары жетістіктер тілеп, алдағы уақытта да спорт саласының сан қырларын меңгеріп, жеңіс туын әрдайым биіктен желбіретуге тілектеспін, – деді 

 Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Балалар әдебиетінің бәйтерегі

admin

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ТҮРКІСТАНДА СПОРТТЫ ДАМЫТУҒА БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙ ЖАСАЛАДЫ»

admin

Түркістан облысында заманауи капсулалы үйлер салу ісі дамиды

admin