Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазығұрт: тұрғындардың мәселелері кезегімен шешілетін болады

Белгіленген кестеге сәйкес аудан әкімі А. Абдуллаевтың кезекті тұрғындармен кездесуі Тұрбат, Шарбұлақ ауылдық округтерінде жалғасты. Алдымен аудан басшысы Тұрбат ауыл округіне қарасты Өндіріс елді мекеніндегі электр бағаналарының құрылысын аралап, ауыл халқымен кездесті, содан соң Тұрбат ауылындағы таза ауыз су құрылысымен танысты.  Қызылдихан елді мекенінде   ұйымдастырылған  ашық форматтағы жиынға ауыл ақсақалдары мен тұрғындары жиналып, округ аумағындағы өзекті мәселелердің шешу жолдары талқыланды. Жиын аудан басшысы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруден басталды.

Қызылдихан және Ақбастау ауыл тұрғындары тарапынан автожол, білім саласына және ескірген бағаналарды ауыстыру, ауыз су, Медициналық тірек салу, Т. Тула мектебінің құрылысы, көше жарығы, жол кедергілері қою, Ақбастау мектебінің құрылысна  қатысты көтерілген мәселелерге Заң талаптарына сай жауап берді.  

Қазығұрт ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Қазығұртта тағы бір жаңа мектеп ел игілігіне пайдалануға берілді

admin

Жаскешуліктер көтерген мәселелер шешімін табуда

admin

Алматыда жол апатынан 6 адам зардап шекті

admin