Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібектіктер — қостанаймен бірге

Аудан әкімі Ержігіт Шәріпбековтің бастамасымен жастар ресурстық орталығының ғимаратында бәйдібектіктер өрттен зардап шеккен қостанайлықтарға гуманитарлық көмек жинады.

Бүгін түстен кейін аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директорының міндетін уақытша атқарушы Асыл Абжаловтың басшылығымен ауданнан көмек ретінде жиналған азық-түлік жүк көлікке артылып жолға шықты.

Қостанайлықтарға гуманитарлық көмекті жинауға ауыл тұрғындары, жастар, еріктілер, жергілікті кәсіпкерлер мен мәслихат депутаттары белсене атсалысты.

Аталған шараға аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков басшылық жасап, шұғыл әрекеттің нәтижесінде бірінші кезекте қажетті заттар мен тез бұзылмайтын азық-түліктер жинақталды. Ұйымдастыру шарасында аудандық мәслихат аппараты мен «Аманат» партиясының аудандық филиалы белсенділік танытты.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттің бірнеше шағын аудандарында тазалық іс-шарасы ұйымдастырылды

admin

Түркістан облысында биыл 45 мыңнан астам оқушы жазғы сауықтыру лагерьлерінде тегін демалады

admin

В Туркестанской области прошел региональный семинар по повышению квалификации судей

admin