Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Тілге құрмет көрсету — жалпыға ортақ міндет

Түркістан қалалық «Тілдерді оқыту және дамыту орталығы»КММ-нің мамандарынан құрылған арнайы үгіт насихат тобы шаһардағы жарнамалар мен тамақтану орындарындағы ас мәзірінің Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» Заңының аясына сәйкестігін тексеруде.

Рейдтік аралау барысында жұмысшы топ  30-ға жуық тамақтану орталықтарының мәзірін  бақылап, анықталған кемшіліктер бойынша иелеріне «Тіл Туралы»  Заңның талаптарын түсіндірді.

Сондай-ақ, 20-ға жуық ілінген жарнамаларды анықтап, Қазақстан Республикасы «Тіл Туралы»  Заңның талаптары мен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»  Заңы бойынша үгіт- насихат жұмысын жүргізді.

Сәйкес жаңалықтар

Есірткіні жасырын тығу әдісі арқылы өткізбек болған күдіктілер ұсталды

admin

Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді

admin

Жетісай: аудан әкімі «ЖАНАСЫЛ» ЖШС директорын қабылдады

admin