Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Мейірім етсең — мейірімділік көресің

Облыс орталығында қайырымдылықты ту еткен — «Мейірімді жүрек» акциясы жалғасуда.

Жалғызілікті қарттар мен ерекше қажеттілігі бар балалар және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға шара аясында азық-түліктер мен күнделікті қажетті заттар үлестірілуде.

Қалалық «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» қызметкерлері аталған санаттағы тұрғындардың үйін аралап, қажеттіліктеріне орай көмек көрсетті.

Бөлім басшысы Элмира Бейсенова өз сөзінде, «Мейірімділік – көңілге нұр құяр жарық сәуле, үміт шамшырағы. Бүгінгі акциямыз осындай азаматтардың жақсылыққа деген сенімін арттыру үшін ұйымдастырылды» деді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысы әкімдігі мен Украинаның «UBC GROUP» компаниясы арасында меморандумға қол қойылды

admin

Бәйдібек: әкім орынбасары кезекті отырыс өткізді

admin

Шымкент қаласының Қаратау ауданы аумағында көгалдандыру жұмыстары қызу жүргізілуде

admin