Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түркістанда аз пайызбен несиелендіру 2 есеге артты

 

Қазіргі таңда Түркістан қаласында қызмет көрсету мен тауар ұсыну бойынша жергілікті кәсіпкерлік саласын дамыту негізгі басымдыққа ие. Бұл – тұрғындар үшін тұрақты табыс көзі, қосымша жұмыс орны, ал мемлекет үшін салық және арнайы төлемдер.

Кәсіпкерлерді аз пайызбен несиелендіру бойынша 2022 жылдың 6- айында «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і 198,5 млн. теңгені құрайтын 16 жобаны қаржыландырды. Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2 есеге артты.

Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласында 14155 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер жұмыс істеп тұр.

Сонымен қатар биыл индустриалды аймаққа құны  2990 млн. теңге болатын және 169 жаңа жұмыс орнын құратын 4 жоба тартылып, өңірлік үйлестіру кеңесінің оң қорытындысын алды.

Сәйкес жаңалықтар

Арыс: әкім орынбасары Дермене тұрғындарымен кездесті

admin

Түркістан: 1000-ға жуық бос жұмыс орындары ұсынылды

admin

Түркістан облысында 66 ауыз су нысанының құрылысы жүріп жатыр

admin