Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Спортпен шұғылданушылар қатары 70-мыңға жуықтады

Түркістан қаласында спортпен шұғылданушы тұрғындар саны — 70 мыңға жуықтаған.

Салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу мақсатында шаһарда түрлі жобалар жүзеге асырылуда.

Аптасына әр сектордың ашық алаңшаларында таңғы жаттығулар ұйымдастырылып, қалаішілік спорттық жарыстар өткізілуде.

Жыл басынан бері қалада он көшеде жаттығу алаңшасы салынған. Оның жетеуі стритворкауд, 3 стритболл алаңшасы.

Қазіргі таңда облыс орталығында — 231 спорт нысаны бар.

Атап айтқанда: 1- спорт сарайы, 3 — стадион, 4 — спорт кешені, 139 — спорт ойын алаңы мен 10 — теннис корты жұмыс жасаса, сонымен бірге, 6- бассейн, 64 ашық спорт алаңшасы мен 69 спорт залы тұрғындар игілігіне жарауда.

Шаһарда спорттың 12 түрінен үйірмелер жұмыс жасайды. 

Олар: волейбол, бокс, таэквандо, тоғызқұмалақ. Одан бөлек, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрестен де үйірмелер ұйымдастырылған.

Сәйкес жаңалықтар

«Біреуге ұнау үшін жүрген жоқпын»: Маңғыстау облысының әкімі желіде айтылған сынға пікір білдірді

admin

Дархан Сатыбалды әкімдерге инвестиция тартуды меңгеруді тапсырды

admin

Бәйдібек: Ерлан Нұрмаханов тарихи сәтте дүниеге келген сәби мен ата-анасына құрмет көрсетті

admin