Биыл шаһарда 6 мыңнан аса оқушы 1-сыныпқа барады

Түркістан қаласында 1-сыныпқа құжат қабылдау жұмысы аяқталды. Биыл 6 мыңнан аса бала мектеп табалдырығын аттайды.

Үш айдың ішінде балаларды 1 сыныпқа қабылдауға 6 мыңнан аса жуық өтініш түскен. Оның ішінде балалардың 80%-ға жуығы мемлекеттік тілде оқуды таңдады.

Бірінші сыныпқа бару үшін құжат қабылдау 1 сәуірде басталып 1 тамызда аяқталды. Азаматтарға ыңғайлы болу үшін Оқу-ағарту министрлігі қызметті автоматтандырып, құжаттарды egov.kz веб-порталы арқылы қабылдады.

Сондай-ақ ата-аналар дәстүрлі қағаз форматында да тапсырған.

“Енді мектептерде оқу-тәрбие үрдісін сапалы жоспарлау мен ұйымдастыру, оқулықтарды тарату, сыныптарды қалыптастыру және басқа да ұйымдастыру жұмыстары басталады. Құжат қабылдау басталған үш ай ішінде 6245 өтініш түсті. Оның 3026 жуығы электронды форматта қабылданды. Қалған 3219 өтінімді дәстүрлі форматта тапсырды. Сонымен қатар, мемлекеттік тілде білім алғысы келетіндердің саны бүгінде 80%-ға құрады”-деді адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Оразкүл Шайхықызы.

Биыл қаламызда 2022-2023 оқу жылын 34 мектеп (оның ішінде 32 жалпы орта мектеп, 21 балабақша, 1 мектеп-балабақша кешені, 1 кешкі мектеп), 7 мектептен тыс мекемелер бастағалы отыр.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында 87 балабақша, 19 мектеп мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жұмыс жасайды.

ПІКІР ЖАЗУ