Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Ашық біріншіліктің жүлдегерлері белгілі болды

Киелі өңірдің өсіп-өркендеуімен гүлденуі жолында орасан зор еңбек етіп, ел есінде іскер әкім ретінде аты қалған абзал жан, Түркістан қаласының Құрметті азаматы Әліпбек Өсербаевты еске алуға арналған ересектер арасындағы волейбол және кіші футболдан Түркістан қаласының ашық біріншілігі өз мәресіне жетті.

Екі күнге созылған бәйгеде кіші футболдан – 32 команда, волейболдан – 10 команда бақ сынады.

ЖАРЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША:

ВОЛЕЙБОЛДАН:

1 орын – Түркістан қаласынан «Тұран» командасы;

2 орын — Шымкент қаласынан «Петро Қазақстан» командасы;

3 орын — Жаңақорған спорт клубының командасы;

4 орын – «Түркістан» командасы;

КІШІ ФУТБОЛДАН:

1 орын — «Шалхар» командасы;

2 орын — Сауран ауданының командасы;

3 орын — «Allo Pizza» командасы;

4 орын — «Alash NM» командасы;

Сонымен қатар, жарыстың үздік деп танылған ойыншыларына да марапаттаулар мен қаржылай сыйлықтар табысталды.

 

Сәйкес жаңалықтар

1 қазаннан бастап Шымкентте екі кезекші ХҚКО жұмыс істейтін болады

admin

Учаскелік полиция инспекторлары нашақорлықтың алдын алуға үлес қосты

admin

Статистика. Елде қанша адамның баспанасы бар

admin