Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Бәйдібек: жүлдегер спортшыларды қабылдады

Бүгін аудан әкімінің орынбасары Берік Тұрлыбеков ағымдағы жылдың 23-24 тамыз күндері Түркістан қаласында өткен медицина қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиада жүлделі ІІ-ші орын алған және 25-26 тамыз күндері волейболдан 50 жастан асқан ардагерлер арасындағы облыстық жарыста жүлделі І-ші орын, тоғызқұмалақтан ІІ-ші орынды иеленген аудандық спортшыларды қабылдады. Қабылдауда Берік Тұрлыбеков жүлделі орындардан көрінген командаларды жеңістерімен құттықтады. Алдағы уақытта да еліміздің спорт саласының дамуына өз үлестерін қосып, өткізілетін түрлі жарыстарда ауданның намысын қорғап жүлделі орындардан көріне беруіне тілегін білдірді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 

Сәйкес жаңалықтар

Шымкент: асқақтай бер ару Астана!

admin

«Алматының табиғи апаттарды мониторингтеу және оған әрекет етуде үлкен әлеуеті бар» – ҚХР Жер сілкіністері агенттігі

admin

Уникальное лазерное шоу впервые прошло в Казахстане: шымкентцы наслаждались незабываемым вечером

admin