Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Арыс футбол құрамасы сырт алаңда жеңіске жетті

Футболдан Қазақстан Республикасының екінші лига командалары арасында Қазақстан біріншілігінің 14-ші туры аясында «Арыс» футбол клубы «Тұран» (жастар) клубымен кездесіп, 4-0 есебімен басым түсті.

Сырт алаңда кездескен жерлестеріміз жауапсыз 4 гол соғып, кезекті жеңіске қол жеткізді.

Алғашқы таймда-ақ ойын тізгінін қолға алған арыстықтар, өрнекті ойын көрсетті. Құрама ойыншысы Бекжан Әбдірахманов қарсылас команда қақпасына екі гол соқса, екінші таймда Әбілқайыр Зулфикаров пен Жансерік Қалдыбай есепті еселеп, Арыстың мерейін үстем етті.

Жеңіс құтты болсын, жерлестер!

Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентский школьник завоевал серебряную медаль на международной олимпиаде по географии

admin

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын енгізуге басымдық берілген

admin

Түркістан облысы қоғамдық даму басқарма басшысы Өсербаев Аңсар Жаңабайұлы аудан, қалалық Жастар ресурстық орталықтарының басшыларымен кездесті.

admin