Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қаладағы көлік жүктемесін азайту — айналма жолдар арқылы жүзеге асады

Түркістанда көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында қазіргі таңда 4 жолдың құрылысы жүруде.

І.Қожабаев (5,6 шқ,) көшесін реконструкциялау нәтижесінде, Кентау тас жолы бағытындағы жол Әкімшілік-іскерлік орталық (АДЦ) арқылы Шымкент бағытындағы жолға қосылады.

Ә.Жангелдин (3,8 шқ,) көшесінде құрылыс жұмыстары аяқталған соң Қызылорда бағыты мен Балтакөл бағытындағы автокөлік жолы байланысып, көлік қатынасы жеңілдемек.

Ал, Қазыбек би мен О.Жарылқапов (2,8 шқ.) көшелері аралығындағы жолдың құрылысы «Яссы» мен Сауран тұрғын алабын «Отырар» секторымен байланыстыратын болады.

Б.Қалаби көшесін жаңғырту нәтижесінде Балтакөл тас жолы Шәуілдір мен Шымкент тас жолдарына тікелей қосылатын болады.

Сәйкес жаңалықтар

Отбасы күніне орай балалар арасында сурет байқауы өтті

admin

ШЫМКЕНТ: «Бастау Бизнесте» оқыған кәсіпкерлерге кіші индустриалды аймақтан орындар ұсынылуда

admin

ШЫМКЕНТ: Ивестициялық жобаларға құрылыс алдаңдары дайындалады

admin