Түркістан қалалық “төтенше жағдайлар басқармасы” ескертеді!
Құрметті қала тұрғындары мен қонақтары!
15 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде батысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады,облыстың солтүстігінде батысында таулы аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында екпіні 25 м/с. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады
Осыған орай Түркістан қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы қауіпсіздік ережелерін ескертеді.
Шаңды дауыл жақындағанда, терезе мен есіктерді мықтап жауып, бөлмеде болыңыз.
Сонымен қатар ғимарат ішінде болсаңыз – электр қуаты өшірілгеніне, газ желісінің шүмектері жабылғанына көз жеткізу керек.
Көшеде болсаңыз – қауіпті ғимараттардан, көпірлерден, электр желілерінен, ағаштардан аулақ болуыңыз керек.