Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Созақ: комиссияның кезекті отырысы өтті

Созақ ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының кезекті отырысы өтті. Аудан әкімінің орынбасары  Қалдыбек Оразов жетекшілік еткен жиналысқа тиісті сала мамандары мен дербес бөлім басшылары, комиссия мүшелері қатысты. Күн тәртінбінде әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау, ана мен бала өлімінің алдын — алу шаралары талқыланды. Сондай –ақ,  «Іскер әйел:жаңа мүмкіндіктер-2022» «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің форумының ұйымдастырылу жайы талқыланды. Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Созақ ауданыдық орталық ауруханасы басшысының ана мен бала денсаулығын қорғау жөніндегі орынбасары Аққозиева Гүлжанат Шермаханқызы, «Бақ-Нұры» іскер әйелдер қоғамдық бірлестігінің төрайымы Нұржамал Майусова арнайы баяндама жасады.

 Жиын соңында ұсыныс, пікірлер назарға алынып, сала мамандарына тиісті тапсырмалар жүктелді.

Сәйкес жаңалықтар

Boy’s head impaled by meat skewer after fall

admin_bainews

Түркістан облысының тұрғыны алаяқты ұстағаны үшін полицияға алғысын айтты

admin

Алматыда жер сілкінісінен кейін жер үй алатындар көбеймеген

admin