
Төлеби аудандық ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік тапсырысы аясында «Өгем» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен, аудан ауамғындағы туристік аймақ болып саналатын «Сайрам — Өгем мемелкеттік ұлттық табиғи паркі аумағына 2022 жыл балалар жылы және Төлеби ауданының 90 жылдығына орай, Бірінші Мамыр ауылдық округінде орналасқан «Төлеби отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ-де тәрбиеленіп жатқан 20 балаға арналған 1 күндік арнайы саяхат ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында «Өгем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы А.Абдешов «Сайрам — Өгем мемелкеттік ұлттық табиғи паркі және Төлеби ауданының туристік аймақтары болып саналатын көптеген орындар жайында ақпараттарды жеткізіп, жастарға қоршаған ортаны қорғауға, тазалыққа және патриоттыққа шақырды.
