Аудан әкімі жеке қабылдау өткізді

Бүгін Зертас ауылдық округі халқымен өткен кездесуден кейін, тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдауға кірген азаматтардың басым көпшілігі әлеуметтік көмек көрсетуді сұрады.

Жиһаз өндіру ісін қолға алған жеке кәсіпкер кәсібін кеңейту мақсатында қосымша ғимараттарды іске қосуды мақсат еткенін айтып, инфрақұрылым тарту ісіне және қаржылай көмек алуға қолдау сұрады.

Көпбалалы ана 2019 жылы тұрғын үй кезегінде тұрғанын айтып, пәтер алу мүмкіндігі жөнінде сұрастырды.

Төрт баланың анасы асыраушысынан айырылуына байланысты, апатты жағдайдағы тұрғын үйін өз қаржысымен жөндей алмайтынын айтып, көмек сұрады.

Алты баланың анасы атаулы әлеуметтік көмекке қол жеткізе алмай жүргенін, тұрғын үй кезегіне тұра алмағанын айтып, жолдасын тұрақты жұмысқа орнату мүмкіндіктеріне қатысты сұрақтар қойды.

Аудан басшысы әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасыларды анықтап, қиын жағдайдағы жанұяларға жәрдем ұйымдастыру қажеттігін айтып, сала басшыларына тапсырмалар берді. Көмек демеушілердің көмегімен және тұрмыстық мүмкіндіктерін зерделей келе, мемлекеттік бағдарламалар арқылы жүзеге асырылатынын айтты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ