Саябаққа Қосан Мамытовтың есімі берілді

 

 

Бүгін Төлеби ауданы Зертас елді мекенінде Қосан Мамытов атындағы саябақтың ашылу салтанаты өтті. Мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханұлы, аудандық мәслихат хатшысы Нұрлан Хамзаұлы қатысып, тұрғындарды демалыс орнының ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Саябақ құрылысы 6.5 млн теңгені құраса, оның 3.5 млн теңгесі бюджеттен қаржыландылып, қалған 3 млн теңгесін округ халқы жинап, игі істің ұйытқысы болды. Демалыс аймағына Кеңес Одағы батыры Қосан Мамытовтың кеуде мүсіні, тынығып демалуға орындақтар қойылды. Шырша ағашы егіліп, жарықшам орнатылды. Аяқ жол салынып, брусчатка төселді. Сонымен бірге, әрбір орындықтың жанына қоқыс жәшіктері де қойылды. Сәндік ағаштар мен гүлдер егілді.

Саябақ халықтың тынығып, демалуына керемет орын. Бос уақыттарыңызда елді мекеннің көрнекті жерінде орналасқан саябақта өткізе аласыздар. Демалыс аймағын Кеңес Одағының Батыры Қосан Мамытовтың есімімен атап, оның бюстін орнату арқылы кейінгі ұрпаққа батыр есімі ұлықталды, – деді құттықтау сөзінде Лесбек Әуезханұлы.

Зертас халқы ауданда іскерлігімен, қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысуымен танылған аймақ. Округ тұрғындары елді мекенді, көркейту, көгалдандыру ісіне белсене кіріскен. Сондай-ақ, ауыл халқын салауатты өмір салтына шақыру мақсатында Спатай Аңдас көшесінде жеке кәсіпкер Б.Аманбаев өз қаражатына заман талабына сай спорт кешенін тұрғызды.

 

ПІКІР ЖАЗУ