Табиғи газ тартылып, ауыз су жүйесі ретке келтірілуде

ҚР Президентінің қаулысына сәйкес, барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізу қажет болған. Аудан аумағында 1 қала, 12 ауылдық округ бар. Кездесу төрт тоқсанға бөлініп, аптаның әр сәрсенбі күндері елді мекенге арнайы барып, халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелермен танысып, олардың арыз-шағымына назар аударудамыз. Төртінші тоқсанның екінші кездесуі Қасқасу ауылдық округінде өтті. Жиын барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауын насихаттап, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар еттім.

*2022 жылы атқарылып жатқан жұмыстар барысына тоқтала кетсек:

– Жоғарғы Қасқасу, Керегетас, Кеңесарық, Қасқасу елді мекендеріне табиғи газ тартылуда.

– Керегетас, Қасқасу, Жоғарғы Қасқасу елді мекендерінің ауыз су жүйесі ағымдағы жөндеуден өтуде.

– Көктөбе көшесінің 1,85 шақырымы, Тастақ көшесінің 2,30 шақырымы орта жөндеуден өтіп, Сырғанақты көшесінің 2,4 шақырымы, Төрткүл көшесінің 1,8 шақырымына тас төселді.

– Керегетас елді мекенінің 4,5 шақырымына түнгі жарық орнатылуда.

– Қасқасу елді мекеніндегі жаңа массивтеріне инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттары әзірленді.

– Кеңесарық елді мекенінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ФАП құрылысы жүргізіледі.

* Үшінші тоқсанда өткен кездесуде көтерілген мәселелер бойынша жүзеге асып жатқан жобалар:

– Ауылдық округ аумағына мердігер мекеме «Азия-RS» жер асты, үсті газ құбырын жүргізіп, ГШРП орнатуда. Көгілдір отынды қосу 2023 жылы жүзеге асады.

– Қ.Тұрдыбекұлы көшесіндегі трансформатордың қуаттылығы зерделеніп, сол көшедегі абоненттерге жеткілікті екені анықталды.

– «Қара-Шора» каналының 1,0 шақырымы механикалық тазаланды. Канал бастау алатын бұлақ басында тазалау жұмыстары жүргізілді.

– Майдатал көшесіне трансформатор орнату, электр желілерін жүргізу үшін жобалау-іздестіру жүргізілуде.

– Бас жобаға енбей қалған 81 тұрғын үйге қосымша газ тартылуда.

– Жаңа массивтен тұрғын үйлер үшін жер телімін бөлу үшін құжаттар әзірленуде.

Жалпы, Қасқасу ауылдық округі бойынша аудандық маңызы бар жолдың қанағаттанарлық жағдайы 87,4 пайызды құрайды. Облыстық маңызы бар «Қасқасу- Қысқы демалыс аймағы», «Абай-Кеңесарық-Майбұлақ» жолы орта жөндеуден өтуде. «Ауыл-ел бесігі» бағдарламасы аясында 5 көшені орта жөндеуден өткізуге құжаттар дайындалып, қаржыландыруға ұсынылды.

Округ аумағын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында бұлақ басы каптаждалып, санитарлық қорғау аумағын қоршау жұмыстары жүргізілді. Сарыбұлақ, Майдатал, Өмірзақұлы Қозыбақ көшелеріне электр жүйелерін тарту үшін жоба-сметалық құжаттары әзірленуде. Елді мекеннің 8,9 шақырымына түнгі жарық қойылып, 3,6 шақырымына аяқ жол салынды.

Билік пен қоғам диалогын орнататын маңызды бағыттағы кездесу барысында ауыл тұрғындары табиғи газ, ауыз су, ағын су, жолдарға қатысты туындаған сұрақтарын қойды. Тұрғындардың өтініштерін ескере отырып, көтерілген мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірдім. Бұған қоса, кездесу барысында халық көтерген проблемалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстар барысы жөнінде ақпарат аудан әкімінің ресми сайтына жариялануда.

ПІКІР ЖАЗУ