Негізгі капиталға салынатын инвестиция көлемі артуда

Төлеби ауданы аумағына инвестиция тарту ісі қарқынды жүзеге асырылуда. Бұл бағытта жыл басында жұмыстар жоспарланды. Барлық деңгейдегі әкімдердің еңбегі сыртқы инвестиция тарту көрсеткіштеріне қарай бағаланатын болғандықтан, жалпы, инвестиция сөзіне түсінік беруді жөн көрдік. Инвестиция – латын сөзі, ол табыс алу, меншікті капиталын молайту, елдің материалдық байлығы мен материалдық емес сипаттағы қоғамдық құндылықтарын еселей түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектілер салатын қаражат болып табылады.

Инвестицияда қаражат тек материалдық активтерге ғана салынбайды, қаржылық және материалдық емес активтерге де салынады. Негізгі капиталға салынатын инвестиция – құрылысқа, материалдық, материалдық емес негізгі капиталды салуға, ұлғайтуға, қайта жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, күрделі жөндеуден өткізуге, сатып алуға, сондай-ақ, материалдық айналыс құралдарының қорларын толықтыруға жұмсалатын қаражат. Негізгі капиталды инвестициялау нысандарына үйлер, ғимараттар, машиналар мен жабдықтар, мал, екпе ағаштар, жер қойнауын барлау, компьютерлік және бағдарламалық қамтамасыз ету, көркем және әдеби шығармалардың түпнұсқалары, жаңа үйлер және жаңа ақпарат жатады.

2022 жылы аудан аумағына негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар 8 айдың көрсеткіші негізінде 10 млрд 862,5 теңгені құраса, облыс әкімдігінің тапсырмасымен бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 23 млрд 230 млн теңгені құрауы қажет. Аталған бағытта жұмысты жандандыруды тиісті сала мен қала және ауылдық округ әкімдеріне тапсырылды.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

 

ПІКІР ЖАЗУ