Жоғарғы Ақсу халқымен кездесу өтті

 

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, аудан әкімі Төлеген Телғараевтың тұрғындармен кезекті кездесуі Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде өтті. Құрамында екі елді мекені бар округте өткен кездесулерде тұрғындар 4 мәселе көтеріп, ол бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Атап айтар болсақ: ауылдық округ аумағында заманауи талапқа сай спорт кешенін салу жөніндегі ұсынысы бойынша салалық басқармаларға хат жолданып, жұмыстар жүргізілуде. Сарқырама елді мекеніндегі ауыз су құбырлары «Ленгір су» МКМ теңгеріміне алынды. Сарқырама елді мекеніндегі Теріскей көшесіне асфальт жол салу ісіне қаржы қарастырылуда, алдағы уақытта жұмыстар толығымен аяқталады. Елді мекенде интернет желісінің жылдамдығын арттыру бағытында байланыс операторларымен келіс-сөз жүргізіліп, аталған мәселе шешімін тапты.

Ауылдық округте 2022 жылы атқарылып жатқан жұмыстар:

– Жоғарғы Ақсу ауылдық округі әкімі аппаратының ғимараты ағымдағы жөндеуден өтті.

– Мәдени елді мекеніндегі Мәдени орта мектебі күрделі жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді.

– Округ аумағын санитариялық тазалау, абаттандыру жұмыстары жыл көлемінде жалғасын табады.

Шешімін тапқан мәселелер:

– Мәдени елді мекеніне ауыз су құбыры тартылды.

– Мәдени елді мекеніндегі Байшешек, С.Тлеуов көшелерінің 1,250 шақырым жолы жөнделіп, 1,95 шақырымға аяқжол салынды.

Бүгінгі кездесуде тұрғындар округтегі суармалы жер көлемін арттыру мақсатында инвестициялық жобалары бар екенін айтып, қолдау көрсетуді сұранды. Сондай-ақ, балабақша ғимараты бала саны артуына байланысы тарлық етіп отырғанын айтып, ішкі арық-атыздарды тазарту мәселесін көтерді. Бұған қоса, округ аумағына ағын су жеткізу үшін каналдарды механикалық тазалауды және құжаттарын рәсімдеуге көмек көрсетуді өтінді. Сарқырама елді мекеніне жүргізілген қоғамдық көліктің тұрағын реттеу жөнінде өтініштерін жеткізді. Кездесуде аудан басшысы көтерілген барлық мәселелер бойынша сала басшыларына тапсырмалар беріп, оның орындалуы өз бақылауында болатынын айтты.

Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ