Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Аудан әкімі құрылыс жұмыстарын қарқындатуды тапсырды

Аудан басшысы Нұрлан Байғұт аудан аумағындағы құрылыс нысандарын аралап, алдынғы аралау барысында берген тапсырмалардың жүзеге асу барысын бақылады.

Жабағылы ауылындағы әкімдік ғимаратынан бастаған аудан әкімі ауыл тұрғындары есептік кездесуде қажетті деп көтерген бұл нысанның кем-кетік тұстарын толық ретке келтіріп, Республика күні мерекесіне пайдалануға беруге дайын болу керектігін ескертті.

Содан соң аудан басшысы Ақбиік, Рұсқұл, Шұқырбұлақ және Келтемашат ауылдарында бой көтеріп жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттердің құрылыс алаңында болды.

Аталған нысандардың бүгінгі таңда екеуінің іргетасы қаланып, қабырғасын көтеру жұмыстары іске асуда (Шұқырбұлақ, Келтемашат). Ақбиік ауылындағы медициналық тіректің іргетасын қалау жұмыстары толық аяқталып, жерін қоршау және трансформатор орнату жұмыстары іске асқан. Ал, Рұсқұл ауылында нысан түсетін жерді тегістеу жұмыстары іске асуда.

Бұдан бөлек Еңбекші ауылындағы Тұрсынбеков, аудан орталығындағы Майлыкент мектебінің және Кершетас ауылындағы мәдениет үйінің құрылыс алаңында болған Нұрлан Мархабатұлы ауа-райының қолайлы сәтін барынша пайдаланып, дала жұмыстарын қарқындату керектігін ескертті.

Аудан басшысы осыдан екі апта бұрын құрылыс нысандарын аралау барысында Майлыкент мектебінің ауласына жауын-шашын суларының ағып кетуіне аса қажетті науа орнату, асфальт жабындысын төсеу, Жабағылы әкімдігінің ауласын абаттандыру және басқа осы сынды берген тапсырмаларының іске асқандығына толық көз жеткізді.

Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Арыс ауданында полицейлер ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың дерегін бейнебақылау арқылы анықтауда

admin

Атпал азаматтың ескерткіші аумағы тазаланды

admin

Қарағанды облысында 400 жаңа автобус сатып алынды

admin