Заманауи анализатор жұмыс жасауда
Түлкібас аудандық орталық ауруханасының клиникалық-диагностикалық зертханасында қазіргі таңда өз мамандықтарын жетік меңгерген 40 медицина қызметкерлері еңбек етеді.
2022 жылдың шілде айынан бастап Түлкібас аудандық аурухана басшысы Ж.Е.Тоғайбекова ханымның жіті бақылауымен зертхана ішіндегі барлық бұрынғы анализаторлар қазіргі таңдағы заманауи автомат анализаторларға ауыстырылды. Осы автомат анализаторлармен жұмыс жасай отырып, ауданымыздың халқына сапалы көрсеткіштермен қызмет көрсетуге дайын.
– Өткен жылдармен салыстырғанда Түлкібас аудандық ауруханада қазіргі заман талабына толық жауап беретін медициналық қондырғылар (анализатор) көбейіп келеді. Бұл әрине, қуанарлық жағдай. Өйткені, бұрынғы қондырғылар ұзақ жылдардан бері шама-шарқынша өз істерін барынша атқарып келді. Әйтсе де, уақыт өте келе өзінің сапалылығы әрі жылдамдығы мен ерекшеленеді. Сонымен науқастарға қызмет көрсету жағы жақсарады, – дейді Жанат Тоғайбекова.
Өз ара ынтымағы мен татулығы жарасқан бұл ұжымды медицина саласында 26 жыл еңбек өтілі бар Гүлсая Адиханқызы Алипбаева басқарып келеді. Мұнда соңғы кездері қазіргі заманауи жаңа медициналық қондырғылар көптеп келіп, дәрігерлердің жұмыстарын жеңілдетуде. Бұның тиімді жағын науқас жандар да сезінуде. Енді сәтін салса халқымызға олардың басты байлық денсаулығына сапалы қызымет көрсететін болады