Жартытөбедегі жағымды тірліктер

Созақ ауданы Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Есенқабыл  Болат Лесбекұлы Жартытөбе ауылына 2019 жылдың қыркүйек айында әкім болып тағайындалды. Оған дейін аудан әкімі аппаратында қызмет атқарған болатын.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» № 826  Жарлығы бойынша барлық деңгейдегі әкімдер жыл бойы халықпен кездесулер өткізсін, олардың барысында халықты толғандыратын әлеуметтік мәселелерге баса назар аудара отырып, Қазақстанды жаңғыртудың жаңа бағдарының негізгі бағыттары туралы хабардар етсін және проблемалық мәселелерді шешудің жолдары мен мерзімдерін түсіндірсін делінген. Осыған сәйкес Жартытөбе ауылдық округі әкімінің халықпен кездесу кестесі бекітіліп үш ай сайын атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта атқарылатын нақты жұмыстар бойынша халыққа есеп беріп келеді. Енді біз жас әкімнің осы қызметке келгелі бері қандай ауқымды тірлік атқарғаны туралы баяндайық.

 Округтің негізгі саласы ауылшаруашылғы. Жартытөбе ауылдық округінде ауыл шаруашылығына бағытталған жер көлемі – 185927 га, оның ішінде шаруа қожалық, ЖШС-тердің пайдаланып отырғаны жер – 50838 га, ауылшаруашылығы мақсатында пайдаланатын тәліми жері – 4749 га, суармалы жер үй іргелік жерді қоса алғанда 293 га, жайылымдық  жер – 45796 гектарды құрайды.

2022 жылы ауыл шаруашылық жерлерін түгендеу мақсатында тексеру жүргізілген, түгендеу жұмыстарының нәтижесімен мақсатына сай пайдаланбай жатқан 1109 гектар жер учаскелері анықталып, аудан әкімдігінің қаулысымен мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жартытөбе ауылдық округінде 2022 жылы 4535 га егістік жерді игеру межесі белгіленсе, бүгінгі таңда меже толығымен орындалды.  100 га бидай, 600 га арпа, 200 га мақсары, 90 га жүгері, 38 га картоп, 41 га көкөніс, 42 га бақша, 550 га  мал азығы дақылдары егілді.

Ниетті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді көктемгі және күзгі дала жұмыстарын жүргізуге мемлекет тарапынан жеткізіп беруші «Ай бегім» ЖШС-гі арқылы бағасы 195 теңгеден жеңілдетілген жанар-жағар маймен қамтамасыз етуде.

Сондай-ақ  ауылдық округтен газ құю бекеті іске қосылып, тұрғындарға 55 теңгеден таратылуда. «Сыбаға», «Алтын асық» бағдарламалары аясында 3 – жақты келісім-шарт негізінде 2021 жылға 30 бас асыл тұқымды бұқа алу жоспарланып алынса, биыл «Алтын асық» бағдарламасы бойынша 101 бас асыл тұқымды қошқар алу жоспарлануда. Ауылдық округ аудан бойынша 2021 жылы «Алтын күз» жәрмеңкесінді ауыл шаруашылығы саласының жыл бойы нәтижелі атқарылған жұмыстарының нәтижесінде ІІ орыннан көрінген болатын.

Үш айлық   қорытындысымен 36 бас  ит, мысықтар жойылды. Ауылдық округ аумағы мал өлсікселерінен тазартылды.

Округ аумағындағы 591 аулада, 3889 халық тұрады. Олардың еңбекке қабілетті, белсенділері – 1964, зейнеткерлері- 431, І, ІІ, ІІІ топ мүгедектері  – 130, мүгедек балалар – 24, «Алтын алқа» иегерлері – 77,  «Күміс алқа» иегерлері – 91, жалғыз басты қарттар – 5, ауған соғысына қатысқан – 1, тыл ардагерлері – 21 адам.

Округте 5 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасайды. Ауылдық округі бойынша әлеуметтік көмекті қажет ететін мүмкіндігі шектеулі 24 бала бар.

Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ауылдық округке көмек жасауға бекітілген «Орталық «ӨК» ЖШС-і Жартытөбе ауылына әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ауылымызда өткізіліп отыратын түрлі іс шараларға атсалысып, әрдайым өздерінің қайырымдылық шараларын аяған емес. 2021  жылы 50 отбасына 100 тонна қатты отын (көмір) таратылды. 8-наурыз Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне сый-сияпат көрсетілді.

       2022 жылдың І-тоқсанында демеушілер есебінен аз қамтамасыз етілген 6 отбасына заттай қайырымдылық көмек көрсетілді.

       Жартытөбе ауылдық округінде атаулы әлеуметтік көмекке жүгінген 44 отбасы болса, одан  41-і шартты, 3-і шартсыз көмек алуда. 2022 жылдың І-тоқсанында 6 азамат жастар практикасы бағдарламасымен жұмыспен қамтылса, ақылы қоғамдық жұмысқа 18 азамат тартылды. Жартытөбе ауылдық округі бойынша 1 аурухана, күндізгі 7 орындық, 2 ФАП бар. Пандемия кезінде 2021 жылы 1620 азаматқа вакцина салынған. Жыл қорытындысында 5 адамнан омикрон белгісі анықталған. 2021 жыл қортындысымен 91 сәби дүниеге келсе, 26 әртүрлі жастағы тұрғындар қайтыс болды, ана өлімі тіркелмеген, бала өлімі 5, ит қапқан тұрғындар саны 3, кене шаққан тұрғындар саны 4, сарып ауруы тіркелмеген, қызылша ауруымен ауырған тұрғындар жоқ.   Округ аумағында 2 ауылдық клуб, 2 кітапхана, 3 мектеп кітапханасы жұмыс жасайды. Округ бойынша 35040 дана кітап қоры бар. Мемлекеттік мереке күндерінде көпшілікке арналған мәдени, спорттық шаралар өткізіліп келеді. 8 Наурыз-Халықаралық аналар мерекесі қарсаңында ауылдық клубта аудандық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт өткізіліп, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлеріне сый-сияпат көрсетілді. Ауылдық округтің дамуына өз үлестерін қосып жүрген бірқатар азаматшалар аудан әкімінің және ауыл әкімінің алғыс хаттарымен марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді. Жартытөбе ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен жоғары дәрежеде аталып өтіпті. Жартытөбе елді мекенінде 1976, 1986, 1996 жылғы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен, Бабата елді мекенінде 1982, 1983 жылғы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен, Аққолтық елді мекенінде 1966, 1976, 1986 жылғы туылған азаматтардың ұйымдастыруымен киіз үй тігіліп, дастархан жайылып, Ұлыстың ұлы күні жасалатын — Наурыз көже берілді. Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтіп, жеңімпаздар арнайы грамоталар мен қаржылай сыйлықтармен марапатталса, ауыл өнерпаздары арнайы концерттік бағдарлама ұсынып, көрермен көнілін шаттыққа, мерекелік көңіл күйге бөледі. Жартытөбе ауылдық округінде 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 2021 жылы 811,  2022 жылы 825 – ол ауыл халкынын 20% кұрайды. Ауылдық округте 3 жалпы орта орта мектебі бар, онда 14 – 17 жас аралығындағы 341 оқушы білім алуда. Жалпы студент жастар саны – 220. Жалпы жұмыс істейтін жастар: Мемлекеттік қызметте – 3, білім бөлімінде – 20, өндіріс орындарында – 34, медицина саласында  – 5, құрылыс салысында – 33, мәдениет саласында – 2, күзетте – 2, азаматтық және өзгеде салада жұмыс жасайтын жастар саны – 143. Ресми түрде жұмыссыз болып тіркелген жастар саны – 14, жұмыспен қамтылғаны – 11. Жеке кәсіпкер жастар – 16. Ауыл жастары спорттық іс шаларды тұрақты өткізіп келеді. 2020 жылы Бабата елді мекенінде орналасқан «Ысқақ баб» кесенесін жандандыру мақсатында кесене аумағына демеушілер тарапынан, зиярат жасап келушілерге арналған асхана мен шағын тұрғынжай салынды. Аққолтық елді мекенінен кіші футбол алаңы салынып, ауыл жастарына тарту етілді. Бабата елді мекеніне Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш пен балалар ойын алаңшасы салынды. 2021 жылы Аққолтық мешітіне мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған түлектердің есебінен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, күмбездері ауысып, жаздық ас беру орыны (навес) салынды. Ағымдағы жылдың шілде айында «ҚазАтомПром» АҚ демеушілігімен Жартытөбе және Аққолтық елді мекендеріне балалар ойын алаңы мен спорт алаңы құрылысын бітіріп, тұрғындарға пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2021 жылы Бабата елді мекенінің көшелеріне толықтай асфальт жол салынған болса, Жартытөбе елді мекенінің 4 көшесі көше жарығымен қамтылыпты. Аққолтық елді мекенінен 75 орындық ауылдық клуб ғимаратының жаңа құрылысы басталып, биылғы жылдың тамыз айында құрылысын толық аяқтап, пайдалануға беріледі екен. 2022 жылы Аққолтық елді мекеніндегі Қ.Кемелұлы көшесінің бойын жарықтандыруға 8500,0  мың теңге қаржы бөлініп, көше жарығы пайдалануға берілсе, Қ.Әлібиев көшесінің 1,6 шақырымын көше жарығымен қамтамасыз ету жұмыстары басталған. Қатты тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонга ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады. Биылғы жылы Аққолтық елді мекенінің  №2  көшесінің 900 метріне асфальт төселіп,  қалған көшелеріне толықтай сметалық жобалық құжаты дайындалып, «Ауылым ел бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджетке ұсынылып, 480 метр жолға қиыршақ тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Ағымдағы жылы Жартытөбе елді мекенінің С.Сейфуллин және №2 көшесіне асфальт жол салынатын болады. Жартытөбе ауылдық округі бойынша барлық елді мекендерде ауыз су құбыры жүргізілген, ауыз су тәулігіне 24 сағат тұрақты берілуде. Алайда су құбырларының ескіруіне байланысты колодис ішінде орналасқан су бұру құрылғыларын (винтел, заглужка)  ауыстыруды қажет етеді. Ол мәселені шешуге тиісті жоғары тұрған орындарға ұсыныс берілген. 2022 жылдың көктемінен бастап тиісті шараларға сәйкес елді мекендер тиесілі өз аумақтарының көркейуіне өз үлестерін қосуда екен. Ауылдық округ елді мекендерінде бүгінде санитарлық тазалық жұмыстары­мен бірге көркейту, абаттандыру жұмыстары тұрақты жүргізілуде.  Аққолтық елді мекеніне санитариялық тазалық жұмыстары жүргізіліп, елді мекен аумағы мал өлікселерінен толықтай тазартылды. Мекемелер өз аумағына мәдени талдар мен жеміс көшеттерін отырғызыпты.

       Алдағы уақыттағы ауылдық округ әкімі өзінің бекіткен басты жұмыс жоспарына сай округке қарасты барлық елді мекендерді 100 пайыз асфальт жолмен қамту, көше жарықтарын жүргізу  және де Қ.Кемелұлы атындағы ескі мектеп ғимаратын спорт және мәдени сауықтандыру орталығына айналдырып, бокс, күрес, үстел теннисі және де домбыра, би басқада шығармашылық бағыттағы үйірмелер ашу  сынды көптеген  шаруалар түрғанын жеткізді.

ПІКІР ЖАЗУ