Кезекті онлайн форматта мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі өтті

Бүгін Созақ ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен онлайн режимде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі, құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі, мәдениет, тілдерді дамыту, спорт және дене шынықтыру бөлімі және аудандық мемлекеттік архиві мекемесімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге жауапты мамандары қатысты.

Тікелей эфирде өткізілген жәрмеңке барысында азаматтар мемлекеттік қызмет алу мәселелері бойынша қажетті консультативтік-әдістемелік көмектер беріліп, келіп түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Қорытындылай келе, Созақ ауданы әкімі аппаратының ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Ө.Дәулетбаев онлайн форматтағы жәрмеңке алдағы уақытта да тұрақты негізде өткізілетінін мәлімдеді.

ПІКІР ЖАЗУ