«Мейірімге толы жүрек» атты шара ұйымдастырылды
Бүгін «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының ғимаратында Республика күні қарсаңында ерекше шара ұйымдастырылды.
Созақ аудандық орталық кітапханасы көзі көрмейтін және әлсіз көретін оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен қазан айының екінші жексекенбісі мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай, «Мейірімге толы жүрек » атты іс шара өтті. Аталған шараға арнайы қатысқан аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін арнады.
– Биыл ауданымызда алғаш рет «Белсенді ұзақ өмір және Тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы ашылды. Мұнда аға буын қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті қызметтер көрсетіледі. Бұл орталықта кітапханалық стационардан тыс қызмет көрсету жұмысын бастап, келушілерге түрлі әдеби кітаптармен қамтылған. Орталыққа келушілер кітап оқып, білімін арттырып, көңіл көкжиегін кеңейтеді,- деді аудан басшысы Мұхит Сексенбайұлы.
Ауданның мәдени- рухани дамуына үлес қосқан бірқатар жастар мен оларға қамқорлық көрсетіп жүрген жандарды аудан әкімі алғыс хатпен марапаттап, сый- сияпат тапсырды. Сондай-ақ аудандық кітапхананың тұрақты оқырманы, Созақ ауданың құрметті азматтары Төлеген Аққұлиев пен Қасымжан Өміров сөз сөйлеп, шараны ұйымдастырған орталық кітапхана ұжымына алғысын айтты.
Келген қонақтарды әсем әнмен тербеген кітапхана оқырмандары, келушілерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.