Оқырмандарға дөңгелек үстел ұйымдастырылды

Аудандық орталық кітапханасы оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы күні» орай оқу залында «Отбасы құндылықтары және ұлттық тәрбие» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді, азамат болып өсуінің негізі. Ата-ана және отбасы мүшелері жас нәресте дүниеге келген күннен бастап, оның өміріне қамқорлық жасап, болашағын жоспарлайды және саналы азамат болып өсуі үшін қажет жағдай жасайды. Отбасының басты қызметі баланы тәрбиелеу. Отбасы құндылықтарын, ұлттық тәрбиені, отбасыларымен кітап оқу үрдісін қалыптастырған әдебиеттің, мәдениеттің мәйегін жете түсіне білетін шараның негізгі кейіпкері Баяндиевтер отбасымен дөңгелек үстел аясында іс шара өтті. Іс шара кейіпкерлері кітапқұмар Баяндиевтер мерейлі отбасы қатысушы қонақтарға үш қыз, бір ұл тәрбилеп, оларды аяқтандырып, барлық аналық мейірімен әкелік қамқорлығымызды көрсетуіміздің арқасында тамырын кеңге жайған бәйтеректей өсіп-өніп ұрпақтар сабақтасығы жалғасып, 13 немере сүйіп отырған бақытты жандармыз деп өз сөздерін сабақтастырып, жастарға тәлімен тәрбиенің құндылықтарын, кітап оқу үрдісін негізі қағида етіп алғандарын және мерейлі тойда барша қауымға кітаптарды сыйға бергендері төңірегінде тарқатта әңгімеледі.

Дөңгелек үстелде сөз алған аудандық полиция бөлімінің әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы, полиция майоры Айжан Манапова «Тұрмыстық зорлық –зомбылықа қарсы іс- қимыл» атты тақырып бойынша шараға қатысушы қонақтарға әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық–зомбылық- қазіргі таңдағы ең жойқын адам құқығы бұзылуының бірі екендігі туралы әңгімелеп, зорлық -зомбылыққа жол бермеуіміз керек, бүгінде елімізде зорлық–зомбылыққа ұшырайтын әйелдер мен балалар саны әлі де болсын азаймай тұр. Ал біз осы бағытта бірнеше нәтижелі жұмыстар легін жүргізіп келеміз, әліде жүргізе береміз деп өз сөзін қорытып, отбасылық тәрбиенің қаймағы бұзылмай бүгінгі шара кейіпкерлері секілді өсіп-өнген отбасылар көп болсын! «Заңға бағынған құл болмайды» тәртіпке бағынайық,- деді.

Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары, аудандық әжелер алқасының төрайымы Маруа Қайыржанова, ардагер Сатыбалды Жанұзақ, ардагер ұстаз Мизамбай Назым, Мадияр, Тоқбаев Базарбай іс-шара кейіпкері Баяндиевтер отбасына тілек тілеп, естеліктерден сыр шертті.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психологы Құралай Ыдырысова «Жанұя бақытты» атты тренинг жүргізді. Тренингке жас оқырмандар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Шараға әлеуметтік сала мамандары, кітапхананың тұрақты оқырмандары, жастар қауымы қатысты.

«Мыңжылқы» мәдениет сарайының өнерпаздары әсем ән жолдап, шараға ерекше серпіліс беріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Іс-шара соңын оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің басшысы Эльмира Бейсехулова аталмыш тақырып төңірегінде өз ойын ортаға салып, отбасы күнімен құттықтап, Баяндиевтер отбасына ақ тілегін жаудырып, сый – сияпат ұсынып, шараны қортындылады.

ПІКІР ЖАЗУ