Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

«Даланың иісі аңқыған,қарттарым аман -сау жүрші»

«Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясында 11 қазан күні 9 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Даланың иісі аңқыған,қарттарым аман -сау жүрші» тақырыбында кездесу кеші өткізілді. Кештің мақсаты оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне,инабаттылыққа,жақсы мен жаманды ажырата білуге,аталы сөзден ғибрат алуға үйрету .
Кеш қонақтары: еңбек ардагері Сүлейменов Абдразақ ағай, қарт ұстаздарымыз Кейкиев Сейтбек,Расулматов Ергешбек ағайларымыз және Ахатаева Ұлжан,Бекжанова Аманкүл,Асылбекова Аманкүл және Баймұханбетова Анар апайларымыз келіп, кеш мақсаты бойынша дайындалған іс-шараға қатысты.Кеш барысында оқушылардың дайындаған өнерлеріне ата-апаларымыз баталарын беріп,ризашылықтарын білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: В рамках программы шанырак заключили договора купли-продажи 557 граждан

admin

«Мұндай қайғыны ешкімге тілемейміз»

admin

Әскери институт курсанттары Каспий теңізінде тәжірибеден өтуде

admin