“Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі”

П.Шевцов атындағы жалпы орта мектептің ұйымдастырумен қыздар арасында “Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі” атты семинар тренинг өтті. Семинар – тренингтың мақсаты: қыздар арасындағы ерте жүктіліктің, келеңсіз жағдаяттардың алдын алу. Семинар тренингке Түлкібас ауданының аналар кеңесінің мүшелері, «Халыққа әлеуметтік қызмет корсететін аудандық аумақтық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі бөлімшесінің мамандары, аудандық аурухананың гинеколог маманы, мектеп ұжымының әкімшілігі мен мектеп директоры, 8-9-10 сынып оқушы қыздары қатысты. Семинар тренингке оқушылар белсене қатысып, өз ойларын еркін айтып, тренинг қызықты өтті. Мектеп директоры Гүлнар Ниязалықызы қорытындылап келген қонақтарға, мектеп ұжымы мен оқушыларына алғысын айтты.

ПІКІР ЖАЗУ