Кезекті жиырмасыншы сессия өтті

Төлеби аудандық мәслихаттың жетінші шақырылымындағы кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті. Сессияның күн тәртібінде 5 мәселе қаралды. Алғашқы болып өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы барысы туралы аудан әкімі Төлеген Телғараев баяндады.
Сессияда Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 23 желтоқсандағы №13/74-VII «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізілді.
Күн тәртібіне сәйкес, Төлеби аудандық мәслихатының 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №14/80-VI «2022-2024 жылдарға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешімі толықтырылды.
Төлеби аудандық мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы «Төлеби аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 шілдедегі №42/207-V «Төлеби ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу туралы және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау тәртібін бекіту туралы» №13/74-VI шешімі өзгертілді.
Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарды Төлеби ауданының Құрмет Грамотасымен марапаттау мәселесі қаралып, депутаттардың қолдауына ие болды.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібінде көтерілген мәселелер бойынша өздерінің сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Жиында қаралған мәселелерге тиісті шешімдер қабылданды. Сессия алдында тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы өткізіліп, барлық мәселелер жан-жақты талқыланды.
Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ