Қарттар күніне арналған кезекті мерекелік іс-шара өтті
Бүгін Республикалық Ардагерлер ұйымының 35 жылдығы мерекесі қарсаңында «Ататдан өсиет – Ұрпаққа қасиет» тақырыбында мерекелік шара өтті. Шараға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков қатысып ардагерлер қауымын құттықтап, өз ықыласын білдірді.
– Біз әрқашан «Қарты бар елдің қазынасы бар», деген аталы сөзді ұран етіп өскен халықпыз. Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың дәстүрінде дәріптеліп, салты мен санасына берік орныққан қасиет. «Ата қайратты болса, бала ғибратты болады» деген сөз бекер айтылмаған. Елдің берекесі мен жас ұрпақтың өнегесіне әр уақыт қолдау көрсетіп, ел келешегінің жарқын жолын жарасымды жалғап келесіздер. Қариялар – халқымыздың өткені мен бүгінін жалғайтын алтын көпір, тұнып тұрған шежіре, кемел тарихымыз,-деді аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков.
Ауданға еңбек сіңірген бірқатар ардагерлерді Қазақстан Республикасына қосқан ұзақ жылғы елеулі еңбегі үшін «Жебе» баспа үйінің «100 Жаңа есім» төсбелгісімен марапаттады.
Сондай-ақ «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Марат Оспанов, ардагерлер қауымына деген тілегін жеткізіп, ардагер әжелерімізді «Ұлағатты әже» медалімен марапаттап өтті.
Шара барысында «Сырлы Созақ» ардагерлер тобы созақтық сазгерлер Яһуда Амандықовтың «Қаратауым», Әділбек Нысанбаевтың «Туған жер» әнін шырқады