Түркістанда жасөспірімдер арасында әскери сала мен отаншылдық дәріптелді

Түркістан қаласында Әмір Темір атындағы №3 және Хамза атындағы №2 жалпы орта мектептерінің ұйымдастыруымен «Айбынды жастар – жаңа Қазақстанның тірегі» атты ерлік сабағы өткізілді. Оған Қарулы Күштері ардагерлері республикалық қоғамдық бірлестігінің Түркістан облыстық филиалының төрағасы Бабай Алдабергенов, Түркістан облысы бойынша Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектер кеңесінің төрағасы Тұрғанбек Бегимов, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Жандос Кулдербаев қатысты.
«Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Түркістан облыстық филиалының төрайымы Аружан Шекербек, Түркістан каласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының тәрбие, идеологиялық, әскери-патриоттық жұмыстар және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс бөлімше бастығы аға лейтенант Русланжан Садықов пен Ауған соғысының ардагерлері, әскери жетекшілер және жас сарбаздар да оқушылармен пікір алмасты.
Жастардың бойына отаншылдық, рухани сабақтастықты дәріптеу мақсатында өткен шара барысында патриоттық әндер шырқалды. Сонымен қатар тарих беттерінде оқ пен от арасында өткізіп, тағдырдың жазуымен ерліктің үлгісін көрсеткен Ұлы Отан соғысы, Ауған соғысы және қаһарман офицерлердің өнегелі өмір жолдары бейнеролик арқылы дәріптелді.
Ерлік сабағымен қатар шара соңында жас сарбаздарды әскерге шығарып салу рәсімі өткізілді. Әскери ардагерлер мен ұстаздар жас сарбаздардың Қазақстан әскердің айбынын асқақтатуға үлес қосатындарына сенім білдірді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ