Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Құқық бұзушылықтың алдын алу — басты міндет!

Түркістан қаласында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қалалық полиция басқармасы нәтижелі жұмыстарды атқарып келеді.
Профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде, 231 қылмыс қоғамдық орындарда анықталса, 86 қылмыс көшеде орын алған.
Аумақтық полиция инспекторларының анықтауымен 21 маскүнем есепке алынды. Оның ішінде, 5 тұлға маскүнемдік және нашақорлықтан емдеу орталығына жолданды.
Сонымен қатар, қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдік тұтынған 1145 азамат анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 440 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
Тұрмыстық қылмыстардың алдын алу үшін, “Қауіпсіз қала”, “Құқықтық тәртіп”, “Тұрмыс” жедел сауықтыру шаралары өткізілді. Нәтижесінде 370 азамат тіркеуге алынды.
Отбасы тұрмыстық-қатынас бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабымен 421 азаматқа әкімшілік шара қолданылды.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкентте МӘМС есебінен томография қызметтерін көрсету көлемі артты

admin

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің мерекелік құттықтауы

admin

Суға кетіп қайтыс болған әулеттің өкілдері ескертулерге құлақ аспаған

admin