Созақ аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтті

Бүгін Созақ аудандық мәслихатының кезекті он тоғызыншы сессиясы өтіп, сессия жұмысында 11 мәселе қаралды. Сессияға аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, ауыл, кент округ әкімдері бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Сессия жұмысын аудандық мәслихаттың хатшысы Бегімбет Байғараев жүргізді.
Сессияда аудан әкімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы аудан басшысы Мұхит Тұрысбеков хабарлама жасады. Сондай-ақ, ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері, Таукент кенті әкімінің есебі тыңдалды.
Сондай-ақ, кадрлық өзгерістерге байланысты аудан әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізілді.
Жалпы, сессия жұмысында мәслихат депутаттары 11 мәселені қарап, тиісті шешімдер қабылдады.

ПІКІР ЖАЗУ