ВОЛЕЙБОЛДАН ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДАҒЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БІРІНШІЛІК ӨТТІ

Түркістан қаласында волейболдан V-ші Республикалық ересектер арасындағы ашық біріншілік өтті.
Жарыс облыс орталығының дамуына елеулі үлесін қосқан мемлекеттік қызметкер, әрі спортшы Исабеков Нарбек Ануарбекұлын еске алуға арналды.
Бәйгеде еліміздің түкпір-түкпірінен келген 12 команда бақ сынасты.
Атап айтқанда : Шымкент, Арыс, Тараз қалалары мен Жетісай, Түлкібас, Ордабасы аудандары және Түркістан қаласынан бірнеше команда қатысты.
Шараның ашылуында сөз сөйлеген, қалалық “Мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің” сектор меңгерушісі Марат Абзалұлы: Нарбек Ануарбекұлының мемлекеттік қызметте талай игі істерде бастамашы болып, жүйелі жұмыстар атқарғанын айтып, спортшының естеліктерімен бөлісті.
Сонымен бірге, сөз кезегін алған Исабеков Нарбектің әкесі, зейнеткер Исабеков Ануарбек жарысты ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Одан бөлек, Халықаралық дәрежедегі төреші Қуатбек Исламбекұлы да сөз сөйлеп, жылы лебізін жеткізді.
Жарыстың нәтижесі бойынша:
1 орын – Ордабасы ауданы (Төрткөл командасы);
2 орын – Шымкент қаласы (Шығыс командасы);
3 орын – Жамбыл облысы (Байзақ ауданы командасы)
ПРОШЕЛ ЧЕМПИОНАТ РЕСПУБЛИКИ ПО ВОЛЕЙБОЛУ СРЕДИ ВЗРОСЛЫХ
В городе Туркестане прошел 5-й Республиканский открытый чемпионат по волейболу среди взрослых.
Соревнования были посвящены памяти государственного служащего и спортсмена Исабекова Нарбека Ануарбековича, внесшего значительный вклад в развитие областного центра.
В конкурсе соревновались 12 команд со всей страны.
В них приняли участие несколько команд из Шымкента, Арыса, Тараза, Жетысайского, Тюлькубасского, Ордабасинского районов и города Туркестан.
Заведующий сектором городского “Отдела культуры, развития языков, физической культуры и спорта “Марат Абзалович отметил, что Нарбек Ануарбекович был инициатором многих добрых дел на государственной службе и поделился воспоминаниями о спортсмене.
Отец Нарбека, пенсионер Исабеков Ануарбек, поблагодарил организаторов соревнований и пожелал участникам удачи.
По результатам соревнований:
1 место – Ордабасинский район (команда Тортколь)
2 место-г. Шымкент (команда Восток)
3 место – Жамбылская область (команда Байзакского района)
THE REPUBLIC ‘S VOLLEYBALL CHAMPIONSHIP AMONG ADULTS WAS HELD
The 5th Republican Open Volleyball Championship among adults was held in the city of Turkistan.
The competitions were dedicated to the memory of the civil servant and athlete Issabekov Narbek Anuarbekovich, who made a significant contribution to the development of the regional center.
12 teams from all over the country competed in the competition.
Several teams from Shymkent, Arys, Taraz, Zhetysai, Tulkubas, Ordabasy districts and the city of Turkistan took part in them.
The head of the sector of the city “Department of Culture, Language Development, Physical Culture and Sports ” Marat Abzalovich noted that Narbek Anuarbekovich was the initiator of many good deeds in public service and shared memories of the athlete.
Narbek’s father, pensioner Isabekov Anuarbek, thanked the organizers of the competition and wished the participants good luck.
According to the results of the competition:
1st place – Ordabasy district (Tortkol team)
2nd place-Shymkent (team East)
3rd place – Zhambyl region (team of Bayzak district)

ПІКІР ЖАЗУ