САСТӨБЕ КЕНТІ МЕН ТАСТҰМСЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ТҰРҒЫНДАР ТАРАПЫНАН КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ҚАРАЛДЫ

Қыркүйек айының 13і жұлдызы аудан әкімі Нұрлан Байғұт ІІІ-тоқсанның қорытындысымен Састөбе кенті және Тастұмсық ауылдық округінде көтерілген мәселелердің орындалу барысын талдау мақсатында жауапты мамандармен бірге жиын өткізді.
Жалпы ІІІ-тоқсанда Састөбе кентінде-24, Тастұмсық ауылдық округінде-21 мәселе тұрғындар тарапынан көтеріліп, арнайы жұмыс жоспарына енігізілген.
Мәселенің дені тұрғын-үй шаруашылығы мен құрылыс, жер қатынастары мен білім, спорт және мәдениет салаларына қатысты.
Аудан басшысы әр мәселеге жеке-жеке тоқтап, жауапты мамандармен саралап, шешу жолдарын талдап шықты. Кезек күттірмейтін өзекті мәселелердің орындалуын бірінші кезекке қойып, жауапты бөлімдерге жүзеге асыру мақсатында нақты тапсырмалар жүктеп, мерзім белгіледі.
Атап айтсақ, Састөбе кентінің кәріз жүйесі мен сорғы станциясын толық ретке келтіру, көп қабатты тұрғын-үйлерде анықталған кемшіліктерді жою мен абаттандыру жұмыстары, көшелерді жарықтандыру, полегон аумағын талапқа сай ету мақсатында ЖСҚ әзірлеу, Тастұмсық елді мекеніндегі ауыз су мәселесі мен кесілген ағаштың орнына Заң талаптарына сай ағаш көшетерін отырғызу т.б. тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді қысқа мерзімде шешу жолдары қарастырылып, тапсырма сапалы әрі мерзімінде орындалмаған жағдайда салалық орынбасар мен бөлім басшылары, ауыл әкімдерінің жеке жауапкершіліктері қаралатыны ескертілді. Састөбе кентінің ауыз су құбыры мен кәріз жүйесін күтіп ұстауға жауапты “Састөбе су” мекемесінің сенімді басқаруға беру келісім шартын бұзу жөнінде ескерту жасалынып, негізгі мәселелерді шешуге 7-10 күн мерзім белгіленді.
Халықпен кері байланысты жандандыру мақсатында көтерілген әр мәселенің орындалу барысын халыққа түсіндіріп, әлеуметтік желіге жариялап тұруды міндеттеді. Тоқсан қорытындысымен тұрғындар тарапынан түскен өтініштерді қанағаттандыру мақсатында Заң талаптарына сай атқарылып жатқан жұмыстарды аудандық «Шамшырақ» қоғамдық саяси газетінің бетіне жариялауды тапсырды.
Түлкібас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ