Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 45 МЕТР БИІКТІККЕ АЛЫП ТУ ОРНАТЫЛДЫ

Қазығұрт ауданында Шымкент-Ташкент күре жолдың бойына орналасқан «Мәңгілік ел» саябағында Конституция күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Рәміздерінің 30 жылдығына орай игі іс-шара өтті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы 45 метр биіктікте орнатылып, тутұғыр ашылды.
Жиында сөз алғандар тудың көкке көтерілгені жастарға, болашақ ұрпаққа үлкен рух сыйлайтынын айтып, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.
Жалпы құны 35 млн. теңге болатын жоба аясында 45 метр биіктікке Мемлекеттік Ту қойылған. Қастерлі рәміздің жан-жағы абаттандырылып, орындықтар мен қауіпсіздік шаралары да қолға алыныпты. Тутұғлың биіктігі негізгі діңгектің түбінен алғанда 45 метрді құрайды. Төбе басына орнатылған алып ту мен тутұғырдың берік құрылымы елдің күш қуаты мен даңқын, оның ұлы тарихы мен болашағын бейнелейді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Президент әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстар үшін жауапкершілікті күшейтетін заңға қол қойды

admin

Түркістан облысының 11 білім ұясы – республикадағы 100 үздік мектептің қатарында

admin

+32 градус ыстық: Сәуірде ауа райы қандай болады?

admin