Түркістан облысы полиция департаменті “Есірткісіз болашақ” тақырыбында акция ұйымдастырды
Түркістан облысы полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері облыс әкімдігімен бірлесе отырып, “Есірткісіз болашақ” тақырыбында ауқымы кең акция ұйымдастырды. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Құрманбек Сахов пен жеке құрам, Түркістан облысының білім, ішкі саясат, ақпараттандыру өкілдері және жастар қатысты.
Облыс орталығында өткен іс-шараның негізгі мақсаты — жас ұрпақты есірткі мен психотроптық заттарды қолданудың зияны туралы хабардар ету, салауатты өмір салтын насихаттау және рухани-адамгершілік құндылықтарды жаңғырту. Өскелең ұрпақты спортпен және туризммен белсенді айналысуға шақыру, сондай-ақ жастардың санасында есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыру.
Аталған маңызы зор жиынды облыс әкімінің орынбасары С.Қалқаманов ашып, жастарға мықты денсаулық пен сәттілік тіледі. Сондай-ақ полиция полковнигі Қ.Сахов өз сөзінде: “Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жастар мәселелеріне көп көңіл бөледі. Соның ішінде біздің тарапымыздан есірткіге қарсы іс-шараларды үнемі өткізіп отырамыз. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз. Болашақ — сіздердің қолдарыңызда! Сол себепті тек жақсылық әрекеттерге, жарқын болашаққа ұмтылайық!” деді.
Одан әрі акцияға қатысушылар таңертеңгілік жаттығулар өткізіп, “Есірткісіз болашақ” атты флешмоб ұйымдастырды. Спортшы-велосипедшілер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орталық стадионға салтанатты түрде алып шықты. Мұнда іс-шара би ұжымдарының, каратэшілердің, боксшылардың, балуандардың және басқа да балалар спорт және көркемөнер ұжымдарының салауатты өмір салтына арналған қойылымдарымен жалғасты. Концерттік бағдарламада облыс орталығының эстрада әншілері де өнер көрсетті.
Өз кезегінде жедел әрекет ету арнайы жасағының қызметкерлері өздерінің шеберліктері мен жауынгерлік дағдыларын көрсетті, ал кинологиялық қызметтің кинологтары қызметтік-іздестіру иттерінің қабілетін паш етті. Сондай-ақ полицейлер жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және есірткіге байланысты қылмыстардың салдары туралы айтты.
Акция соңында Түркістан облысының полицейлері жас ұрпақты дене шынықтырумен тұрақты айналысуға шақырып, естелік суретке түсті.
Өмір адамға қызығы мен қиындығы қатар жүретін ,толқыны мол кезіктірер қадамың көп табиғаттан берілген ең қымбат дүниесі. Адамның ұзақ, мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі – оның денсаулығы. Денсаулық адамзаттың ең қасиетті де құнды, ешнарсе айырбастай алмайтын, жоғалса да қайтып орнына өз қиындындығымен келетін орны толмас асыл қазынасы. Адамның өмірі ғажайып нәрсе болғанымен, қас қағым сәтте үзіледі. Сол дертті негізгі опорасы – темекі, арақ, есірткі. Бұлар жастар мен жасөспірімдер арасындағы баланы теріс жолға апарар өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ақпараттық жүйеге сүйенсек 30 жасқа дейін жеткен жастар зиянды әрекетке тез бейімделгіш.
Есірткі – ғасыр жауы. Онымен қазір бүкіл әлем болып күресуде. Бірақ ол оңай алдырар жау емес екен. Күн өткен сайын шырмалып, ауруды ауыздықтауға қанша күш салса да, оның жарасы асқынып бара жатқан секілді. Есірткі адамзат баласына құмарлық үшін ежелгі заманнан таныс. Ғалымдар сөзімен айтқанда, есірткіні алғаш рет Жерорта теңізін мекендеген халықтар пайдаланған екен. Көкнәр, зығыр т.б. құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер дүниежүзінің кез-келген түкпірінде өсіріледі. Есірткінің түрлері: гашиш, морфин, опий, кокаин, апиын, героин.
Осылардың барлығы да аса күшті наркотикалық әсері бар заттар болып табылады. Есірткінің әсер етуі кезінде көз қарашығы кішірейе түсіп, жарықты ажырата алмайды. Ал есірткі тілеп, буын-буындары сынып ауырғанда көз қарашығы ұлғая түседі. Егу жолымен пайдаланатындар үнемі, тіпті аптап ыстықта да ұзын жеңді киім киіп жүреді. Жалғыздықты ұнатады, достарымен кездесуден бас тартады. Нашақорларды осы белгілері арқылы анықтауға болады. Солай өзіннің отбасынан және достарынан айырыла бастайды. Оған себеп – арине, есірткі. Нашақорлық өмірдегі қиындыққа шыдамаған, сәтсіздікке бой алдырған адамнан шығады.
Нашақорлар үшін уақытша рахат үшін бүкіл өмірін сарп етуге дайын. Бір рет шегіп немесе иіскеп көрген адамның нашаны өз еркімен тастап кетуі мұң. Сондықтан осы бастан есірткіден жоламаған жөн. Есірткі дерті ұрпақты уландырып ағзасын аздыра, тектілігін тоздырып отырған кесел. Осылай дерттің бетін ауыздай алмасақ болашақтағы ұрпағымыздан айырылып қаламыз. Есірткінің пайдаланған ата-анадан қандай бала туылмақ. Әрине кемтар өмір бойы бір жерінің кем болып жүруі кімге жақсы. Көздің қитарлығы, ішкі ағзаның дұрыс болмауы не аяқ- қолдың сал болуы. Бұған себепші әрине ол зиянды заттардың кесірі. Алла берген санамызды улатпай, ақыл есіміз түзу бола тұра өзімізді жаман әрекетке қалай қиямыз. Алла саналы қылып жаратқасын.
Ақыл, қайрат пен күш қатарласқан ұғымдар, ұштасқанда ғана адам ақылды адам сезінеді. Нағыз есірткі ақыл мен денсаулықты қараңғы түпсіз тұңғиыққа жығады. Егер біз басқа елдермен теңесеміз, алдыңғы қатарлы елдер қатарынан табыламыз десек, жастарды салауатты өмір салты дағдысы қалыптасқан, рухы биік, жан –дүниесі таза, адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеуіміз керек. Әрине отбасынан басталады. Отбасында әрбір ата-ана баласының немен айналысатынын, достары кімдер, бос уақытында қалай өткізбек соның барлығын білсе ұрпағымыз еш зиян келмес еді. Ата-ананың баласын қадағалап отырғаны дұрыс. Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында «Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ахуалы жақсы болуы тиіс» деп атап көрсеткен болатын. Яғни, мемлекетттің бірінші кезектегі атқаратын шараларының бірі халық денсаулығын нығайту.
ХХІ ғасырда қоғам тек жалаң адамдар тобынан ғана емес, сонымен бірге денсаулығы мықты, рухани дүниесі бай, жаны мен тәні кіршіксіз таза, танымдық белсенділігі мен өздігінен білім алуға деген ынтасы мен шығармашылық қабілеті ерекше тұлғалардан тұруы тиіс.
Олай болса, біз «Салауатты өмір салтын» насихаттау, келеңсіз жағдайлардың алдын алып, «ХХІ ғасыр – салауатты қоғам ғасырын» құруымыз керек.
Өз денсаулығымыз өз қолымызда. Оған кесірімізді тигізбей бақытты өмір сүрейік.
Бүгінгі ХХІ ғасыр жас ұрпақтың ұрпақтың, яғни болашақ жастардың дәуірі.. Еліміз егемендік алып, көк туымыз көк аспаның астында желбіреп тұр. Қазақ даласы ата-бабаларымыз ғасырлар бойы арман еткен өз тәуелсіздігімізді жариялап, бүгінде әлемге мәшһүр мемлекеттердің бірі болып келеді. Елдің болашағы жартардың қолында! Бір сөздің өзі жастарға қандай жігер береді десеңізші… Тіпті, болашақ жастардың қолында деп өлеңдетіп, жырлап жазған ақын ағаларымыздың өлеңдерінен де көруге болады.
Мен жастарға сенемін – деп бүгінгі өскелең жас ұрпақтың жанына жігер, жүрегіне рух пен айбындылық, көңіліне сенім ұялатар ұлтжандылықтың ұраны десемде еш қателеспейтініме сенемін. Елбасымыздың Халыққа жолдауында ХХІ ғасыр білім ғасыр делінген, яғни ел ертеңі болар келер ұрпақтың қолында. Елімізді көркейту,оны келер ұрпаққа жеткізу жасдың қолында. Бірақ та осы жастарымыздың ішінде дұрыс жолдан тайып, нашақорлық пен маскүнемдікке салынып жүрген жастарымызда жоқ емес. Неге келешек жастарымыз денсаулығын, жанын таза ұстап, талғамының биіктігін білдіріп,салауатты өмір сүрмеске?
Зиянды заттар да, зиянды әдеттер де бар. Атап айтар болсақ, темекі, бұзақылық, ұрлық-қарлық, есірткі т.б. Соның ішінде ең ауыры, ең қауіптісі-Есірткі! Жауап біреу секілді. Бұл-ХХІ ғасыр дерті. Қуантарлық бір жайт, бұл індетпен де күресіп жатқан арнайы өкілдер бар. Өз ісінің ұшқыр мамандары нашақорлықпен күресіп қана қоймай жастарға салауатты өмірді насихаттап, жасөспірімдер арасында түрлі қызықты сайыстарды ұйымдастыру арқылы оқушылардың бойында өмірге деген қызығушылық, сонымен қатар, денсаулықтың баға жетпес қазына екенінде жеткізу мақсатында түрлі спорттық ойындар ұйымдастырып ел алғысына бөленіп жүр. Бір сөзбен айтқанда, ХХІ ғасыр індетіне тосқауыл қойып жатыр. Бұл жұмысқа мың алғыс!!!
Еңсесін көтеріп келе жатқан біздің еліміз үшін дарынды, білімді, жігерлі ұрпақтардың орны бөлек қой. Ал барлық жігер,қайрат,еліміздің ертеңі болатын болашақ жастардың қолында. Елбасымыздың Халыққа Жолдауында: “Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекеттімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр”,- деп жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Бұл біздің, яғни жастардың алға қойған бірден-бір мақсаты мен міндеті болуы керек. «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген данышпан халқымыз.
Өмірге адам бір ақ рет келеді, ойланшы, жастық шағың өміріңнің кемелі. Яғни, адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі – салауатты өмір салты. Демек, «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деген ой түйіндеп, өз сөзімді аяқтағым келеді.
Өмір-адамға табиғатпен берілген ең қымбат дүние.Адамның ұзақ,мәнді де сәнді өмір сүруінің негізі-оның денсаулығы.Денсаулық адамның ең қасиетті де құнды,қайталанбас,жоғалса қайта орнына қиындықпен келетін,орны толмас асыл қазынасы.Қазіргі таңда бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі-адамның денсаулығы. Адам өміріне қауіп төндіретін жағдайларға соғыс,ашаршылық,экологиялық жағдай және адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер жатады.Осы жағдайлар ішіндегі адам ағзасын улайтын зиянды әрекеттер деп отырғанымыз:шылымқорлық,ішімдік,нашақорлық,есірткі және тағы басқа.
Жас жеткіншек талшыбық секілді иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді.
«Денсаулық-зор байлық», «Дені саудың жаны сау» деп халқымыз бекер айтпаса керек. Өкінішке қарай адамзатпен ХХІ ғасырға аузын арандай ашқан аждаһадай «нашақорлық», «ішімдік», «темекі», «есірткі» бірге аяқ басты. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп,дүние салып,талай ауруларға ұшырады. Сондықтан да елімізде салауатты дабыл қағып,әртүрлі шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Әр адам өз денсаулығын сақтауға және ғұмырын ұзартуға жауапты. Денсаулықтың жақсы деңгейіне жету және жайлы болуына жету-бұл нақты өмірлік ұстаным мен тәртіптен тұратын үзіліссіз үдеріс.Денсаулық- бақытты болудың алғы шарты.Адамдар кездескен шақта әуелі бір-бірінен денсаулығы туралы сұрайды және денінің саулығына тілек білдіреді. Бұл-шын мәнінде адам бақытының бастауы. Ішімдік ішу,есірткі заттарды қолдану,темекі шегу бос уақытын тиімді өткізуге, белсенділік танытуына,дұрыстап тамақтануына және салауатты өмір салтының басқа да жақтарына әсерін тигізеді. Зиянды әдеттер көптеген аурулардың пайда болуына, адам денсаулығына орасан зор зиянкестік әкелетін факторлар болып табылады.Біздің елімізде балалар мен жастар арасында ішімдік ішу,темекі шегу,есірткі заттарды қолданудың өршуі көкейкесті мәселе болып тұр.
Алғаш болып «наркотик» деген анықтаманы сезгiштiктi жоғалтуға алып келетін заттарды сипаттау үшін грек емшісі Гиппократ қолданған. Бұл анықтаманы дәрігер болған Клавдий Гален да қолданған. Наркотикті сипаттау үшін Клавдий Гален көбінесе мандрагор, семена эклаты и мака тамырын немесе эклат тұқымдарын және көкнәрді терең зерттеген.
Грек тілінде «ұйқы» мағынасын білдіретін «narke» сөзі ағылшын тілінде «narkotik» деген сөзге айналып, ұйықтату, жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны береді. Жалпы айтқанда есірткі заттары деп жансыздандыру ерекшелігіне ие болатын заттарды айтамыз. Бірақ дүние жүзінде күнделікті қолданыста стимуляторлар да есірткі ретінде қабылдануда. Өйткені олардың да құрамында мастандыратын, ашуландыратын, тыныштандыратын, сергітетін заттар бар.
Есірткі-бұл адамның көңіл-күйін,сана-сезімін ,мінез-құлқын бұзатын қауіпті,тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып,құмарлық желігіне ұшыратады,нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге жетеді.Есірткінің негізгі түрлеріне апиын, кокаин, көкнәр, марихуана, ғашиш және тағы басқалар жатады. Барлығы да адам ағзасы мен психикасына әсер етіп зақымдайды.
Сана –сезімі уланған адамның мінез-құлқы күрт өзгереді.Бұрын момын,тұйық,өтірік айтпайтын адам өзгеріп,өтірік айтады,төбелесуге дайын тұрады.Нашақордың белгісі-қажетті дозасын қабылдаған күні мұрнынан су аға бастайды.Есірткінің қазір көп тараған түрі- героин,ақ ұнтақ зат.Одан адам санасы тез уланады. Бірінші рет көргенде ләззат алады,сосын ағзасы тез тәуелді болып іздеумен өтеді. Қолданбаса ұйқысы бұзылады,буын-буыны сырқырайды.Сөйтіп бара-бара тек ауырмау үшін іздейді.
Есірткі қолданудың себептері
Білімсіздік: есірткінің қаншалықты қауіпті екендігін білмеу және бұл мәселеге жеңілтектікпен қарау.
Қызығу: қызығушылықтың туындауына көбінесе айналасындағылар мен бұқаралық ақпараттар себеп болады.
Ойын-сауық орындары: дискотека және басқа да ойын сауық орындары «ақ өлім» диірменінің құралдары мен қақпаны болып табылады. Ол жерге кірген адамның диірменнен өту ықтималы өте үлкен болады.
Қысым: жаман достардың қысым жасауы.
Әуестік: бір рет көрейін, сосын тастаймын деп ойлау. Бір рет немесе екі-ақ рет көрудің өзі адамды қайтпас жолға салуға жеткілікті болады.
Мода: айналасындағыларға еліктеу. Қоршаған ортасы бұзық болса, жаман әдеттердің жұғуы оңай. Жастардың қауіп-қатерді жақсы көруі, жыныстық бұзылу, өзін-өзі көрсету, күшін дәлелдеуге тырысу, генетикалық құрылымының есірткіге бейімдігі, иманның әлсіздігі, нашар отбасы және бұзық қоғамнан туған сенімсіздік, болашақ туралы уайымның адамды жалғыздыққа итермелеуі, жоқшылықтың өзін-өзі өлтіруге итермелеуі, байлықтың масаңдатуы, мемендік есірткіге итермелейтін негізгі себептер болып табылады.
Дос өте маңызды. Балалар мен жастар жанұядан, мектептен және достарынан әсер алады. Достарының қатарынан қалмау үшін жастар көбінесе достарының қысымына шыдай алмай есірткі қолданады. Осылайша есірткімен алғашқы байланыс көшедегі белгісіз сатушы арқылы емес, достары арқылы пайда болады.
Есірткі қолданатын адамды мына белгілерден анықтауға болады:
• адамның дәрілерді жасыруға тырысуы;
• терісінде қарайған немесе көгерген ине іздерінің болуы;
• көктамырдың үстінде не айналасында су жиналғандай іріңнің жиналуы;
• солғын ұйқылы-ояу болуы немесе талу, әсіресе денесін қасу байқалса есірткі немесе синтетикалық заттарды көп мөлшерде қабылдағанын көрсетеді;
• есірткіден алыстатылған не қадағаланған кезде бірдеңе жоғалтқандай әрекеттер жасауы;
• көз қарашығының үлкеюі;
• адамның бос жерге қарап отыруы;
• шприц, сабы темірден жасалған қақпақ, отқа ұстап тұруға арналған сабы артқа қайырылған қасық, т.б. есірткі қабылдауға пайдаланылатын құралдардың болуы;
• нашақорлардың жаргон тілін білуі;
• кісінің белгілі бір уақытта (4-5 сағ. сайын) басқа жерге кетіп қалуы (наша қабылдау үшін);
• өзіне қажетті мұқтаждықтан артық көп ақша жұмсай бастауы;
• бұрын сенімді болған адамның қылмыс жасауы, ұрлық жасап, алдап-арбауы, т.б.;
• өте ашушаң болуы. Есірткі қабылдайтын уақыты жақындағанда көздері суланып, мұрны ағып, есінеп қасына бастауы.
Қор болып кетпесін
Жас ғұмыр тағдырың.
Денсаулық – өзіңнің
Мәңгілік байлығың.
Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды биікке көтерудің басты құралы екендігін мойындап, өздігімізден білім алу арқылы сананы соған бағыттап отыруымыз қажет. Себебі мемлекетіміздің күш-қуатының артып,халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, білімді,мәдениетті ұрпақ керек.
Жер бетіндегі ірілі-ұсақты, үлкенді-кішілі қай халықтың болса да болашағы дәл бүгінгі таңдағы жастардың денсаулығына тікелей байланысты, себебі ұрпақ жалғастығы тек дені сау ұрпақтарда ғана болмақ.
Есірткісіз болашақ Есірткі… Қандай құлаққа жағымсыз сөз десеңізші. Қанша адамның түбіне жеткен, бақытты өмірлерін баянсыз еткен улы зат болса да, әлі де тиылар емес. Қазіргі таңда есірткінің зиянын біле тұра, оған қарсы шығуға дәрмені жетпейтін жастар көбейді. Тек қана жастар ғана емес ересек кісілерде, өз жасында балаларына үлгі болудың орнына, кері кетіп, келешек ұрпақты улауда. Есірткі ешқашан жақсы зат бола алмайды. Есірткінің адам денсаулығына тигізер зияны көп екені бетке басып айтпасада, әуел бастан белгілі. Есірткінің пайдасы сол, оның дәмін татқанға дейінгі өмірің ешқашан қайта оралмайды.
Денсаулығың да бұрынғыдай болмайды. Ал осы есірткінің шырмауына жастар қалай түседі? Біреулер ермекке дәмін көрмек болып таблетка немесе ұнтақ қабылдаса, енді біреулер аңдаусызда есірткінің құрған торына түсіп жатады. Ал одан кейінгі өмір бәрімізге мәлім болар. Ең алдымен өзіңді жоғалтасың, өмірге деген құштарлық, болашаққа деген сенім, жүздегі әсем күлкі және отбасынның саған деген сенімін, үмітін жоғалтасың. Өмірің мүлде басқа арнаға бұрылады. Сол есірткіні қайта шегу үшін сен не істемейсің? Бәріне де барасың. Өміріңде істемеген істі істейсің, ойламаған ойды ойлайсың.
Ал осының бәрін көре тұра достарың сенімен қалай дос болсын? Ондай достың оларға керегі не? Яғни осының бәрі бір – ақ кезге әкеледі. Сен барлығынан айрыласың. Ал мұндайға жол бермеу үшін не істеу керек? Әрине ең алдымен өзіңе – өзің берік бол. Сені жолдан тайдыру үшін кейбіреулер сені алдап, есірткіні ұсынады. Ал сен сол кезде не істеуің керек, әлде, не деуің керек? Әрине, жоқ. Ал екіншіден салауатты өмір салтын ұстана біл. Өзіңді таза, мықты, ақылды, қайратты адам етіп тәрбиелеп шыға біл. Өз денсаулығыңды ойлай біл. Достарыңмен бірге спортпен айналыс. Ойна, күл, уақытыңда көңілді өткіз. Ең бастысы өмірге сенімді көзбен қара. Ал осылай өзіне сенімді адамдар көбейіп, есірткі өмірден жойылса, онда бұл өмірдің өзі ертегі. Барлық адам спортпен айналысып, жаман әдеттерден арылса, онда бұл өмірдегі ең жақсы ізгі істердің бірі болар еді. Бірақ, бұл жай ғана қиял болып қала береді. Осының барлығы 100% болмаса да талпыну керек.