Түлкібастық 1700 бала лагерлерде тегін дем алады

 1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Түркістан облысы, Түлкібас ауданына қарасты барлық ауылдық округ, кенттерде ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылды. Сондай Жаскешу ауылына қарасты С.Сейфулин мектебінің алаңында өтіп, мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагері ашылды. Оған Түлкібас ауданының әкімі Нұрлан Байғұт, ардагер ұстаздар мен ата-аналар қатысып, оқушыларды төл мерекелерімен құттықтады.

– Бала – адам өмірінің жалғасы, артында із қалдыратын ұрпағы. Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Осы ретте қазақ даласының әр баласына білім мен өнегелі тәрбие беруге бірігіп атсалысуымыз қажет, – деді аудан басшысы.

Мерекелік іс-шара барысында келген қонақтарға балалардың өз қолдарымен жасаған қолөнер бұйымдары мен суреттерінің көрмесі қойылып, «Жас құтқарушы», «Жас турист» бұрыштары ұсынылды. Эстафета ойындарына ұласты.

Айта кетейік, биыл Түлкібас ауданында аз қамтамасыз етілген отбасын шыққан және қамқорлықтағы 1700-ден астам оқушы қала сыртындағы лагерлерде 100 пайыз тегін демалатын болады. Бұдан бөлек 9 мыңға жуық оқушы мектеп жанындағы лагерлермен қамтылса, 4 мыңнан астам оқушыны кәсіпорын ұйымдары, мекеме басшылары, демеушілер және ата-аналар есебінен аудан, облыс, республика көлемінде орналасқан сауықтыру орындарына жіберу жоспарланып отыр.

БҒМ балалар құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Элина Паули лагерьге тегін жолдаманы кімдер алатынын айтты.
Оқу жылын аяқтаған балалар енді жазғы демалысты тиімді өткізудің қамына кірісті. Қуаныш пен шаттыққа толы ұмытылмас естеліктер қалдыратын жазғы лагерь оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік.

Ал, жазғы демалыс лагерьлеріне тегін бару мүмкіндігін әлеуметтік аз қамтылған отбасы балаларының 61%-ы, ерекше білім қажеттілігіне мұқтаж балалардың 64%-ы, түрлі салада жетістікке жеткен оқушылардың 78% және девиантты тәрбиедегі балалардың 82%-ы алады. Сонымен қатар тегін демалу құқығы:

атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі төмен отбасылардан шыққан балаларға;
жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;
мектептің қамқоршылық кеңесі анықтайтын өзге де санаттағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерге беріледі
Бұл жолдамаға ие болу үшін аталған санаттағылар білім беру ұйымының атына өтініш жазуы керек. Қажетті құжаттар тізімін сол мекемеден білуге болады.

«Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру әрі жолдама беру жергілікті атқарушы органдар құзыретінде және олардың қаражатына байланысты үлестіріледі. Жазда 11 мыңнан астам мектеп жанындағы әрі қала сыртындағы сауықтыру лагері жұмыс істейді. Биыл өткен жылмен салыстырғанда 500 мыңға артық бала лагерьде демалады. Ал жазғы сауықтыру демалысымен қамтылатын балалардың жалпы саны 2 млн 300 мыңнан асады», дейді Элина Паули.

ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАСТЫҚ 1700 ОҚУШЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЛЕРДЕ ТЕГІН ДЕМАЛАДЫ

Республика бойынша 18 жоғары білім ұйымы 1306 балаға әр түрлі бағытта лагерьлер ұйымдастырады. 7 лагерь мен 2 жатын орны жоғарғы білім ұйымдары есебінен, 8 лагерь ата-аналардың қаражатынан және 1 лагерь кәсіподақ атынан болмақ.
Жаз маусымы басталысымен балаларын түрлі лагерьлерге жібергісі келетін ата-аналардың уайымы көбейеді. Бірі балаларының лагерьге барғанын дұрыс, бірі бұрыс көреді. Шын мәнінде жазғы лагерь қаншалықты қызықты әрі қауіпсіз? Ата-аналардың уайымы орынды ма? Біз бүгін осы туралы жазамыз.

Егер балаңыз жан-жағымен тез тіл табысып кете алатын болса, онда оның лагерьдегі әр күні қызықты өтпек. Әдетте лагерьге әр түрлі қалалардан, әр нәрсеге қабілетті балалар келеді. Олар өз тәжірибелерімен бөлісіп қана қоймай, балаңызбен әңгімелесіп, оның кез келген адаммен сөйлесу қабілетін дамытуына көмектеседі.

Жазғы лагерь – бұл тек демалатын жер емес. Лагерь – әр түрлі жарыстарға қатысып, баланың ашылмай жүрген талантын, белгілі бір қабілетін ашатын орын. Жарыстардан бөлек онда балалар өздері концерттік қойылымдар ұйымдастырып, спорттық ойындар ойнайды. Онымен қоса жазғы сауықтыру лагерьлерінде балалар топпен жұмыс істеуге, көпшіліктің ортасында өзін көрсетуге бейімделеді.

Лагерьде бала өзін еркін сезінеді

Түрлі ойындар, хормен ән айту, кешке би кеші – әрине, мұның бәрі жақсы. Бірақ лагерь баланың тәуелсіз болып жүретін жері. Себебі лагерьде бала ата-анасының қадағалауынсыз қалып, кішігірім шешімдерді өзі қабылдап, жеке жүріп дағдыланады. Демалыс орнында қыздардың шашын тарауға көмектесетін, ұлдардың заттары шашылып жатса жинап қоятын аналары болмайды. Міне, осындай ұсақ-түйек істерді балалар өздері істеп, ересектерше жүруге дағдыланады. Басында мұндай сәттер балаларға ұнамауы мүмкін. Алайда уақыт өте келе мұндай жағдайдың өздеріне пайдасы болады. Ата-аналарға да балаларының есейіп, өз істеріне жауап беруге үйренгені тиімді.
Лагерьдің тағы бір пайдасы – таза ауасы. Әдетте жазғы лагерьлер тауда, табиғат аясында орналасқан. Сабақтардың, іс-шаралардың табиғат аясында өтуі мектепте ең жетіспейтін нәрсе еді. Таудың ауасымен тыныстап, ағын судың жанында ойнау бала денсаулығына, иммунитетіне, шымыр болуына көп көмектеседі.

Бірақ бұл жағдайлардың барлығы кейбір балалар үшін қолайсыз болуы мүмкін. Мектепте күні бойы өтетін сабақтардан шаршаған кейбір оқушылар демалысты өз үйлерінде ешқандай режимсіз өткізгілері келеді. Лагерьдегі нақты жоспар бойынша өтетін күндер мұндай балаларға ұнамасы анық.

Тағы айта кететін дүние лагерьде баланың өз үйіндегідей жеке бөлмесі болмайды. Жалпы бөлмеден бөлек лагерьдегі барлық орындар топқа, көпшілікке арналған. Бір бөлмеде ұйықтау, бірге тамақтану, ортақ душ – кейбір балаларға ыңғайсыздық тудыруы мүмкін. Алайда лагерьдің бар қызығы сол ортақ болуында емес пе?

Ата-аналар назарына:

Балаңызды жазғы лагерьге жаздырмас бұрын алдымен балаңызбен ақылдасыңыз. Оның қандай демалыс орнына барғысы келетінін сұрауыңыз балаңыздың отбасындағы өз орнын сезінуіне себеп болады.
Лагерьді таңдамас бұрын өзге ата-аналардың пікіріне құлақ түріңіз. Өзіңізге ұнаған лагерь туралы интернетте жазылған комментарийлерді оқуды ұмытпаңыз.

Алдын-ала балаңыздың лагерьге баратын уақытын айқындап алыңыз. Мектептегі сабақтардың, қосымша шаралардың бітуін күтіңіз.
Балаңызбен лагерь туралы сөйлесіп, ішкі ережелерін түсіндіріңіз. Лагерьдегі әр күн таңғы жаттығудан, түскі демалу уақытынан, кешкі би кешінен тұратынын айтыңыз.

Балаңызды жазғы сауықтыру лагеріне жіберуге қорықпаңыз. Қайта балаңыздың лагерьден кейінгі демалып, жақсы жағынан өзгеріп келген сәтін елестетіңіз.

Үздiксiз бiлiм беру жүйесiнде демалыс толыққанды, ал жазғы демалыс әсiресе балалар мен жасөспiрiмдердi дамыту, тәрбиелеу және сауықтыру үшiн өте маңызды рөл атқарады. Жаз — бұл оқу жылы мен алдағы уақытта өтетiн көпiр. Жыл сайын аудан мектептерiнiң әкiмшiлiктерi мектеп оқушыларының жазғы демалыс лагерiн және сауықтырылуын ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргiзедi, жазғы кезеңде каникулдық демалысты ұйымдастыруда белгiлi бiр дәстүрлi жүйе қалыптасты. Шындығында, бiлiм беру жүйесi әлi де балалардың демалысы мен сауығуының басты ұйымдастырушысы болып қала бередi. Жазғы демалыс- бұл тек әлеуметтiк қорғау ғана емес, ол балалардың шығармашылық дамуына, баланың рухани әлемi мен интеллектiн байытуға мүмкiндiк. Жазғы мектеп лагерi жұмысының барлық бағыттары — дене шынықтыру-сауықтыру, туристiк — өлкетану және еңбек-танымдық сипатқа ие.

«Солнышко» балалар — сауықтыру лагерi 12 маусымнан 8 тамызға дейiн жұмыс iстей бастады, 620 баланы қабылдады. «Солнышко» балалар — сауықтыру лагерiнде өмiр қызықты, толық оқиғалар мен кездесулерге толы болды. Балалардың құрбы-құрдастарымен және ересектермен қызықты және пайдалы қарым-қатынас жасау үшiн барлық мүмкiндiктер пайдаланылды. Бала-лагерьдегi басты тұлға, ол өзiн шын мәнiнде жайлы сезiнуi өте маңызды, ал бұл бiрiншi кезекте тәлiмгерлердiң отрядтарда микроклимат құру қабiлетiне байланысты. Балалар демалады, денсаулықтарын түзейдi, күш жинап, өз бiлiмдерiн толықтырады, жаңа нәрсеге үйренедi, жаңа достар табады. Балалардың демалысын қызықты ұйымдастыруға саяхатты — ойындар, ауысымның ашылу және жабылу мерекесiнiң лагерьде дәстүрге айналған денсаулық күндерi, ән мен би мерекесi, спорттық жарыстар, викториналар, таланттар жәрмеңкесi, аукциондар, рыцарлық турнирлерi, шығармашылық шеберлерi және тағы да басқа дамытуға көмектеседi.

5 маусымда балалар iс-шараларға қуана қатысты. Лагерь ауысымының жабылуына арналған салтанатты жиында балалар грамоталар алды. Балалардың бақытты көздерiн көру ғанибет. Олар келесi «Жаз-2020» маусымының басталуын асыға күтуде».

Сондай-ақ 26 маусымда шатырлы лагерь ұйымдастырылды. Лагерьде 6-8 сынып оқушылары қатысты. 31 оқушы қамтылды. Шатырлы лагердi өткiзуге директордың ТЖ жөнiндегi орынбасары С.С. Қожахметова, педагог — ұйымдастырушы О.Т. Нұрбай, мектептiң медициналық қызметкерi З.И. Омарбекова, сондай-ақ педагогтар Сейткулова — А.С. Даулетбек, К.Е. Әдiлбекова жауапты болды. Оқушылар волейбол, футбол бойынша спорттық жарыстарға белсене қатысты. Балаларға мұғалiм Қ.Е. Әдiлбекова ұйымдастырған флеш-моб өте ұнады.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы аудан әкiмдiгiнiң бiлiм бөлiмi» КММ «Рузаевка орта мектебi» КММ 2018-2019 оқу жылына арналған маусым айындағы оқушылардың жазғы демалысы туралы ақпарат

2019 жылдың 1 маусымынан бастап «Рузаевка орта мектебi» КММ-де балалардың толық емес күн қатысатын «Қарлығаш» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс iстейдi. Балалардың жасы 6-дан 11-ге дейiн. Балалардың жалпы саны: 1 маусымда 1 маусымнан 12 маусымға дейiн) — 30 адам және 2 маусымда (13 маусымнан 25 маусымға дейiн) — 30 адам.

Жинақтау кезiнде аз қамтылған, шағын отбасылардан шыққан балаларға, сондай-ақ өмiрде қиын жағдайға тап болған балаларға ерекше көңiл бөлiнедi.

Алаңды ашу алдында педагогтармен iс-әрекет жоспары әзiрлендi, оны жүзеге асыру барысында: балалардың толыққанды демалуы, сауығуы үшiн жағдай жасау, олардың iшкi әлеуетiн дамыту, тәрбиеленушiлердiң әртүрлi, қоғамдық — маңызды және жеке — тартымды қызметке қосылуы негiзiнде негiзгi құзыреттiлiгiн қалыптастыруға жәрдемдесу; әртүрлi жастағы ұжымдағы мазмұнды қарым-қатынас және тұлғааралық қарым-қатынас; балалардың мiнез-құлық мәдениетiн, ұқыптылығын, өз денсаулығы туралы қамқорлығын тәрбиелеу; балалардың өз денсаулығына; тәрбиеленушiлердiң шығармашылық қабiлеттерiн дамыту. Барлық белгiленген жұмыс мектеп әкiмшiлiгiмен келiсiлдi.

Мектеп сауықтыру алаңының жұмысы күн тәртiбi бойынша сағат 10.00-ден 13.00-ге дейiн жүргiзiледi.
21 маусымда бiр күндiк шатырлы лагерь ұйымдастырылды, оған 5-10 сынып оқушыларынан (92 адам) қатысты.
Бiрiншi маусым (12 маусымнан 21 маусымға дейiн) «Солнышко» БСЛ 2 оқушы демалды.
Екiншi маусымда (25 маусымнан 4 шiлдеге дейiн) рұқсат қағазына сәйкес 15 оқушы барады.
Директордың ТЖ жөнiндегi орынбасары Кушегалина А.Т.

Екi жыл бойы жоғарғы сынып оқушылары мен Нежинка орта мектебiнiң мұғалiмдерi Солтүстiк Қазақстан облысы Айыртау ауданының Никольское ауылына Ботайға сапарға шығады. Ботайға барудың бастамашысы — «Нежинка-Ерке» ЖШС Бас директоры Жұмабеков Мұрат Кабинұлы. Ботай қазба жұмыстарының жетекшiсi — Зайберт В.Ф.

Виктор Федорович құрметтi академик, профессор, Алматы археология және дала өркениеттерi институтының директоры. Екi жетекшiнiң бұрынғы достығы арқасында Нежинка орта мектебiнiң оқушылары осы археологиялық экспедицияға қатысуға көмек бердi. Екi жыл бойы 100-ден астам педагогтар мен оқушылар өздерiн нағыз археолог ретiнде сезiндi.

Осындай сапарлардың демеушiсi «Нежинка-Ерке» ЖШС директоры Жұмабеков Мұрат Кабинұлы. Ол археологиялық экспедицияны азық-түлiкпен, төсек-орын жабдықтарымен жабдықтайды, адамдарды тасымалдау үшiн автобус бөледi, тамақ дайындау үшiн аспаздарды жiбередi.

Ботай қонысына барған кезде оқушылар өркениеттiң қалыптасу тарихына көз жүгiрте алды. Оқушылар керамикалық және саз балшықты бұйымдардың сынықтарын тапты.
Ботай қонысындағы қазба жұмыстары жалғастырылатын болады. Бұл жер әлi де көп құпияға толы. Бiз тағы көп жаңа нәрсенi бiле алатын боламыз.

Жаз — бұл қызықты ойындарды, сайыстардың, саяхаттардың, мерекелер мен тосынсыйлардың кезi. Жазғы уақытта балалармен жұмыс бұл бiлiм беру үдерiсiнiң және әр оқушыны дамыту бойынша мектеп педагогикалық ұжымы қызметiнiң жалғасы болып табылады.

Рузаевка орта мектебiнде «Қарлығаш» мектеп жанындағы лагерь өз жұмысын жалғастыруда. Жазғы лагерьдi ұйымдастыру мақсаты — балалар денсаулығын нығайтуға, олардың интеллектуалдық қабiлеттерiн, гигиеналық және дене мәдениетiн дамытуға, балалардың өнегелi, эстетикалық, экологиялық тәрбиесiн, шығармашылық тұрғыдан өзiндiк бiлiм алуын қамтамасыз ететiн спорттық, бiлiм, мәдени ойын-сауық бағыттарды жүзеге асыруға жағдай жасау. Лагерь жұмысына «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған iс-шаралар енедi. Президенттiң «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы бойынша жұмыстың негiзгi мақсаты рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, арттыру. Қоғамдық сананы жаңғырту бағыттарының бiрi — отансүйгiштiк сезiмiн қалыптастыру жұмысы. Отансүйгiштiк өз жерiне, өз ауылына, қаласына, кiшi Отанына деген сүйiспеншiлiктен басталады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберiнде 2018 жылғы 16 маусымда лагерь тәрбиеленушiлерi Рузаевка Мәдениет үйi мұражайының тарихи-өлкетану бұрышына барып, Рузаевка селосының тарихымен, тұрмыстық заттармен танысты. Содан соң балалар шығармашылық жұмысқа кiрiсiп, «Кiшi Отан балалардың көзiмен» атты коллаж жасады.

Бұл күн «Көңiлдi сөре» спорттық эстафетасымен аяқталды.

Сонымен қатар лагерьде өткен «Дарындар күнi» балалар М. Жұмабаевтың 125-жылдығына арналған кiтапханалық сабақтардың бiрiнде Қазақстанның ұлы ақынының өмiрiмен және шығармашылығымен танысты
Балалар ойындар мен шығармашылықта танылады. Мұнда жеке қызығушылықтарын қанағаттандырудан басқа олар өздерiнiң дене және шығармашылық қабiлеттерiн дамытады, дос, жанашыр болуды үйренедi. «Дарындар күнi» тәрбиеленушiлер дарындарын ортаға салып, өздерiне ұнаған шығармашылық жұмыстарды атқарды. Күндердiң бiр күнi лагерь тәрбиеленушiлерi село ескерткiштерiне саяхат жасады. «Қарлығаш» жазғы лагерiндегi өмiр өте қызықты, оқиғалар мен кездесулерге толы. Балаларды алда әлi көптеген қызықты iс-шаралар күтiп тұр.

28 маусым 2018 ж. «Өнер мектебi» ұстаздарының ұйымдастыруымен 1 шiлде Домбыра күнiне арналып «Сыңғырла домбыра» атты сурет салудан аудандық сайыс өткiзiлдi. Сайысқа «Өнер мектебi» тәрбиеленушiлерiмен Новоишим №1 орта мектебiнiң оқушылары қатысты. Сайыс барысында оқушыларға Домбыраның шығу тарихы жөнiнде толық мағлұмат берiлдi. Сонымен қатар оқушылар «Өнер мектебi» ұстазы Айткужин М.Г. орындауында бiрнеше күйлердi тыңдап тамашалады. Барлық қатысушылар дипломмен марапатталды.
2018 жылдың 12 маусымында Чистопол өңiрi мектептерiнiң қатысуымен бiркүндiк шатырлы лагер ұйымдастырылды. Бұл шараның өткiзiлуi мақсаты оқушыларда жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуында саяхат ұйымдастыру түрiнде; туристiк мәдениет және экологиялық тәрбие дағдыларын қалыптастыру; туристiк техника дағдысын алу; бұқаралық туризмнiң оқушылар арасында дамуы; патриоттық сезiмдерiнiң дамуы.

Шараға 7 мектеп қатысты: Гаршин ОМ, Ковылный ОМ, Сокологоровка ОМ, Салкынкол ОМ, Шөптiкөл ОМ, Чистопол ОМ, Ялты ОМ.
Үйлестiру жұмысын басқарушы Чистопол орта мектебi. Керемет ұйымшылдық қабiлетiн көрсетiп шатырлы лагердiң ашылу рәсiмiн Гаршин орта мектебi ұйымдастырды. Жүргiзушiлер өлең оқыды, жұмбақтар жасырды, ойындар өткiздi, соңында әсерлi флеш-моб өткiздi, де қатысушыларға күнi бойына көңiлдi көңiл күй сыйлады. Түске дейiн спорттық эстафеталар өткiзiлдi, содан соң бағдарламаға сәйкес қатысушылар өз күштерiмен отта тамақ пiсiрдi, содан кейiн спорттық ойындар өткiзiлдi. Шара соңында барлық мектептердiң қатысушылары белсендi қатысқандары үшiн марапаттау қағаздарымен марапатталды.

18.06.2018 жыл «Дружба орта мектебi» КММ ауданның жоспар негiзiнде туристiк слётi ұйымдастырылып өткiзiлдi. Шатыр лагерi «Достық» жағайжайы Есiл өзенi Дружба ауылының жанында «Целинный орта мектебi», «Приишим орта мектебiә КММ, «Дружба орта мектебi» КММ мектеп оқушыларының отрядттары жиналды.

Лагердiң бағдарламасы келесi iс-шаралар түрiнде өткiзiлдi:
Медициналық дайындық бойынша викторина байқауы;
Спорттық Эстафета(зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету, әуе винтовкасын ату).
Балаларға iс-шаралар ұнады күннiң соңында жарыстың қортындысы белгiлi болып, командалар құрмет грамоталары мен марапатталды. Бәрi қуанышты болды.

Раисовка орта мектебiнде 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күнiн өткiзу жоспары құрылды. Жоспарға сәйкес «Шуақты жазға сапар» көңiлдi жарысы, «Бақытты балалық шақ» ойын бағдарламасы, асфальтқа сурет салу байқауы өтiп, демеушiлер мен жеке кәсiпкерлер тәттiлер (балмұздақ, сусындар, кәмпиттер, ойыншықтар) таратты.

ПІКІР ЖАЗУ